Нәтиже жоқ
View All Result
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг
  • Кіру
Ұлы дала | Республикалық шығармашылық байқауы
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг
Нәтиже жоқ
View All Result
Ұлы дала | Республикалық шығармашылық байқауы
Нәтиже жоқ
View All Result

Бастапқы бетке қайту

Бостандық  © Балқарағай

30.11.2021
санаты: Поэзия
0
Ұлы дала байқау
0
бөлісті
64
қаралым
Facebook

Балқарағай

 

БОСТАНДЫҚ 

                                                                         

Уа, бостандық, жарық нұр,

Тас төбемде күн боп мәңгі жанып тұр!

 

Егемендік дейтін ерен, еңселім,

Саған артып жатыр салқар ел сенім.

Қырық мың жыл қызыл қырғын көрсем де,

Қыр соңыңнан қалмай қойдым мен сенің.

 

Сені көрем,

Көрем, түпсіз тереңнен,

Көк жүзінен көрем нұрға бөленген,

Самғап ұшқан құстан да анау төбемнен,

Соған қолын созған сонау төменнен –

Эпостар мен дастандардан,

Өлеңнен,

Ұлттың Ұлы Ұятынан көрем мен!

 

Алатаудың көрем ұшар басынан,

Жанартаудан көрем жалын тасыған.

Елтаңбадан көрем сені, Еркіндік,

Көк Байрақтың көрем ылғи қасынан.

 

Кеудең – жартас болған кезде, иық – қыр,

Табан – жерге, төбең көкке тиіп бір.

Сені беріп Көк Тәңірі, күн сайын,

Маңғаз елдің маңдайынан сүйіп тұр.

 

Бір үмітті алмастырып бір үміт,

Тілім, ділім, дінім қайта тіріліп.

Тамылжыған таң шапағы секілді,

Бостандық боп жеттің, айхой, ірілік.

 

…Байтақ елдің бақ пен құты озған шақ –

«Тәуелсіздік» деген асыл сөзді аңсап,

Ата-бабам арман еткен Азаттық,

Сөзден соғып қойдым саған көзмоншақ.

 

Ұлттық рухтан іздеп ұлы үйлесім,

Түйреп қойдым сөздің соңғы түймесін.

Алатаңда аластайын, Азаттық,

Адамзаттың тіл мен көзі тимесін!

 

Алты Алаштың айбынына мұрагер –

Іштен тынып жатыр неге мына бел?

Мәңгілік Ел – Мәңгілік Ұлт деген сөз,

Мәңгі жаса, мәңгі асқақ боп тұра бер!

Сіздің пікіріңіз маңызды! Сайтқа кіру арқылы пікір білдіріңіз!

Шығармалар

  • Тәуелсіздік құрбандарының рух-шәрифіне © Түркімен 30.11.2021
  • Мадақ © Aqtan 30.11.2021
  • Досымды жігерлендірген жырым © Turkistandik_akin 30.11.2021
  • Ұлы күн Тәуелсіздікпен мақтанамыз © Қауырсын қалам 30.11.2021
  • Сері жайлы әфсана © Кетбұға 30.11.2021
  • Тәуелсіздікті жырлаймын! © Қаратөбе 30.11.2021
  • Аңыз © Altynkun 30.11.2021
  • Тәуелсіздік таңы атты! © tauelsizjan 30.11.2021
  • Тәуелсіз еліме тәу етем! © Bahadur 30.11.2021
  • Төнере берме төбеңнен сенің төнсе мұң © jyrqasyr 30.11.2021

Рейтинг

Шығармалар рейтингін мына сілтемеден қараңыз: РЕЙТИНГ

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Байланыс телефоны: +7(7172)70 76 35
  • aikyn.kz - Жаңалықтар
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг

Қош келдіңіз!

Facebook арқылы кіріңіз
немесе

Сайтқа кіру

Құпия сөзімді ұмыттым?

Құпия сөзді алыңыз

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру