Нәтиже жоқ
View All Result
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг
  • Кіру
Ұлы дала | Республикалық шығармашылық байқауы
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг
Нәтиже жоқ
View All Result
Ұлы дала | Республикалық шығармашылық байқауы
Нәтиже жоқ
View All Result

Бастапқы бетке қайту

Бірінші сабақ © Ikar

30.11.2021
санаты: Проза
0
Ұлы дала байқау
0
бөлісті
43
қаралым
Facebook

 Ikar

 

1-ші сабақ

 

Сағат 8:30. Мұғалім 56 аудиторияға кіріп келді. Студенттер жартылай тұрып, жартылай отырды.

-Сәлеметсіздер ме, студенттер. Менің аты-жөнім Асанова Елмұра Үсенқызы. Сіздерге «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» пәнінен семинарды мен беремін. Сіздермен танысқаныма қуаныштымын – деді көзілдірік киген, бойы орташа, арықтау келген мұғалім.

-Сәлеметсіз бе, апай.

-Сәлеметсіз бе, Елмұра апай – деп студенттер амандасты.

-Отырыңыздар. Қазір мына бегунокты алып, фамилияларыңыз тұрған жерге қолдарыңызды қойыңыздар.

Староста Назерке тұрып, бегунокты студенттерге берді. Қыркүйектің 13-і сабақ басталған алғашқы апта еді. Әбден бір жыл дистанционды оқып қалған студенттер, сабаққа келуді ұмытқан секілді. Кейбірінің ұйқысы қанбай, бастарын төмен қаратып отыр.

-Сонымен, сіздер менде «Халықаралық қатынастар» факультетінің 3-ші курс студентісіздер. Яғни келесі жылы оқуларыңызды тәмамдап, мықты маман болып, жұмыс істейсіздер деп үміттенемін. Биыл қандай жыл? – деді Елмұра Үсенқызы.

-2021 жыл.

-Ол қандай жыл? Біздің елі үшін бір маңызы бар ма?

-Биыл Қазақстанның тәуелсіздігін алғанына 30 жыл толады – деді Нұрболат.

-Иә, дұрыс. Тәуелсіздік дегеніміз не? Тәуелсіздіктің мағынасы қандай?

-Егемендік қой – деп күлді соңғы партада отырған Дастан.

-Егер сіздер филология немесе журналистика факультетінің студенттері болсаңыздар, мен оны жауап деп қабылдар едім. Сіздер қателеспесем саясатқа өте жақын, еліміздің тек ішкі емес, сонымен қатар сыртқы саясатын да жетік білетін болашақ елшісіздер. Тәуелсіздіктің бізге қалай келгенін мектепте де, қазіргі таңда университет қабырғасында да оқыдыңыздар. Мен сіздерден «Тәуелсіздіктің анықтамасын» сұрап жатқаным жоқ. Осы сөз сіздер үшін нені білдіреді? Менің мақсатым сіздердің ойларыңызды білу, пікірлеріңізді білу. Қате айтып қоямын деп қорықпаңыздар, мүмкін сіз қате деп отырған ой – тіпті дұрыс болуы мүмкін. Қате айтсаңыздар бағаларыңызды кемітіп, ұрыспаймын. Әрбіріңіз жеке тұлғасыздар және өздеріңіздің ойларыңыз бар. Мен оны құрметтеймін – деді мұғалім.

-Апай шынымен қате айтсақ ұрыспайсыз ба? Екі қоймайсыз ба? – деді қалжыңдап Дастан.

-Есіміңіз кім?

-Дастан. Дастан Қайсаров.

-Дастан, менің айтқанымды бәріңіз естідіңіздер. Мен екі сөйлемеймін. Ал, енді өз ойыңызды айта кетсеңіз.

-Отырып айтайын ба, әлде тұрып па?

-Отырып айта беріңіз.

-По моему, апай Тәуелсіздік дегеніміз – ешкімге тәуелді болмау.

-Тәуелді дегенді ашып айтсаңыз.

-Ну, Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз егемендігін алды. Содан бері ешкімнің айтқанымен жүрмейді. Өзі сыртқы саясатын айқындайды. Кіммен достасқысы келсе, сонымен достасады. Кіммен ұрысқысы келсе, сонымен ұрысады – деді Дастан ыржалаңдап.

-Студенттер, осы 30 жылда Қазақстан қандай да бір елмен жанжалдасты ма? Немесе сөзге келіп қалды ма?

-Менің білуімше, Қазақстан бейбітшілікті сүйген елдің бірі. Осы уақыт аралығында ешқандай елмен ұрысып та, жанжалдасып та көрмедік – деді Назерке.

-Онда неге Өзбекстан, Қытай елдерінің шекарасында жанжал болады? Шекараға жақын жерде тұратын адамдарға қиын екен. Менің танысым Өзбекстанға жақын жерде тұрады деді – Дастан.

Ешкім үндемеді. Мұғалім сыныпқа қарап отырып:

-Дастанның сұрағына кім жауап береді?

-Апай, мүмкін олар бір нәрсеге таласқанқандықтан осындай жағдай болатын шығар? – деді Аружан.

-Тағы қандай жауаптарыңыз бар?

Студенттер әртүрлі пікір білдірді. Елмұра Үсенқызы барлық жауаптарды мұқият тыңдағаннан соң:

-Негізінде тек Қазақстанда ғана мұндай жағдайлар орын алмайды. Қарап отырсаңыз ең көп түсініспеушілік осы шекарада орын алады. Бұл қалыпты жағдай, себебі адамдар өмір сүретін қоғамда әрдайым қақтығыстар болады, ол заңдылық. Бірақ сол қақтығыстарды уақытында тоқтатып, оны келесі жолы қайталанбауы үшін жұмыс жасап, алдын алса – ол дұрыс саясат. Себебі сіздер білесіздер, кейді тіпті бір адамның өлімі үлкен соғысқа алып келуі мүмкін. Қазақстан осы тұста, өзге елдермен де, өз елінде өмір сүретін 130 –дан астам этностардың бір-бірімен қақтығыспай, бейбіт өмір сүрулері үшін мықты саясат жүргізіп келеді. Бұны біз мақтан тұтуымыз керек. Біздің елдің саясатын тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ, Батыс Еуропа елдері бағалап жатыр.

-Иә, апай келісемін. Біздің елде тұратын қай ұлттан сұрасаңыз да, Қазақстанды немесе қазақтарды жамандамайды.

-Бірақ апай, алдыңғы жылы болған Қордай қақтығысы, биыл Пиджимде болған ұйғырлар мен қазақтар арасындағы қақтығыс, 2015 жылы тәжіктер мен қазақтар арасындағы, шешендер, армяндар арасындағы қақтығыстар, айта берсем отыз жылда қанша ма ұлтаралық наразылықтар болды. Оған не дейсіз? – деді Дастан апайына шүйлігіп.

-Дастан, сіз дұрыс айтасыз. Отыз жылда бізде барлығы жүз пайыз керемет болды демеймін. Бірақ осы аз ғана уақытта салыстырмалы түрде айтатын болсақ, мақтанатын тұстарымыз көп. Сіз айтып жатқан елдегі ұлттар арасындағы наразылықтар болды және болашақта да бола береді. Бұл қақтығыстар – тұрмыстық деп атауға болады. Себебі сіз өзіңіздің үйіңізде де ата-анаңызбен, бауырларыңызбен, достарыңызбен арыздасып қаласыз, бірақ кейін бірден татуласып кетесіз ғой. Сол секілді ұлттар да бір елде, бір ауданда, бір ауылда тұрғанда мүмкін сөзге келіспей қалады, мүмкін бір нәрсені бөлісе алмай қалады – соның арқасы үлкен дауға айналып кетеді. Алдын айтқанымдай, адамдар бар жерде міндетті түрде қақтығыстар болады – деді мұғалім. Сонымен биыл біздің ел үшін үлкен мерейтой. Сіздерге енді екінші сұрақ, Қазақстан осы отыз жылда жеткен жетістіктерін айтып беріңіздерші?

-Апай, 50 минутта оның барлығын айтып беру мүмкін емес қой – деді Эршод.

-Дұрыс, мүмкін емес. Бірақ уақытымыз жеткенше айтамыз, қалғанын үй тапсырмасы ретінде жазып келесіздер. Келістік пе?

-Жарайды, апай – деп студенттер келісе кетті.

-Кім бастайды. Дастан егер сіз жетістіктерін айтқыңыз келмесе, онда қателіктерін айтсаңыз болады – деді Елмұра Үсенқызы.

Студенттер күлді. Дастан да жымиды.

-Апай, вы не обижайтесь, конечно. Но минусын да айту керек қой, для разнообразия – деді Дастан.

-Басында айтып кеткенімдей, мен сіздердің барлығыңыздың пікірлеріңізді құрметтеймін. Сондықтан тек қалай ойлайсыздар, соны айтсаңыздар деймін.

-Апай, сіз Нұр Отаннан келмедіңіз ба? – деді Дастан тағы апайына қарап шүйлігіп.

-Жоқ, мен партияға кірмегенмін. Мен саясаткер емеспін, мен мұғаліммін. Не үшін сұрадыңыз?

-Қазақстанды мақтай беріп жатырсыз, соған сұрағаным ғой.

-Партияда болғандар ғана, елімізді мақтамайды ғой. Егер дұрыс білім болса, дұрыс анализ жасай алсаңыз сіз де еліміздегі болып жатқан барлық дүниеге дұрыс баға бере аласыз, Дастан – деді мұғалім.

-Апай, мен айтсам болады ма? – деп Аружан қолын көтеріп.

-Иә, айтыңыз. Студенттер былай келісейік. Әрбіріңіз бір-бір жетістігінен айтасыздар. Мысалы, Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ мүше болып қабылданды. Осы халықаралық ұйымға кіруін сіз неге жетістік деп ойлайсыз, соған аргумент айтуларыңыз керек, жақсы ма?

-Жарайды апай. Онда мен бастаймын. Қазақстан Республикасының ең негізгі жетістіктерінің бірі ретінде – 1997 жылы астанамызды Алматы қаласынан Астанаға ауыстырғанын айтуға болады. Қазіргі таңда әрине, астанамыздың аты өзгертіліп, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының атымен аталуда. Бұл Елбасымыздың ең дұрыс шешімі деп білемін. Себебі Алматы астанамыз болмаса да дамыған, көркейген, әдемі, халқы көп қала еді. Енді бұрынғы Ақмолаға қарасаңыз, балшық, халқы аз, ештеңе жоқ қала болды. Нұрсұлтан Әбішұлы жоқ қаладан бар қала жасады. Қазіргі таңда астанамызды білмейтін мемлекеттер жоқ шығар. Үлкен ғимараттар салу үшін шетелден инвестиция тартылды, мықты сәулетшілер шақырылып, үйлер салынды, бизнес орталықтар, мектептер, ауруханалар бәрі-бәрі салынды. Менің әкем мектепте оқып жүргенде айтушы еді, Алматыдан Астанаға ауысқаны дұрыс болды деп. Себебі Қытай бізге жақын орналасқан, егер шабуыл жасаса 3-4 сағатта Алматыны басып алады деп. Бірақ қазір өзім осы халықаралық қатынастар факультетінде оқып жатқандықтан, әкемнің ол ойы дұрыс емес екенін түсіндім. Себебі ешқандай ел себепсіз соғыс ашып, бір-бірлерін басып ала алмайды, ал Қазақстанды тіпті басып алмайды. Картаға қарасаңыз,  Нұр-Сұлтан қаласы еліміздің шекесінде орналасқан, яғни басында. Ал Алматы жүрегінде орналасқан. Баспен ойлаған шешімдер әрдайым дұрыс болады деп Нұрсұлтан атамыз ауыстырған ғой – деді Аружан.

-Жауабыңызға рақмет. Міне осылай жауап беріңіздер. Бірінші пікіріңізді айтасыздар, сосын сол пікірді дәлелдейтін өз аргументтеріңізді айтасыздар. Аружан сізге сұрақ, Астана атауы неге Нұр-Сұлтан атауына өзгертілді? Сіз елорданың атының ауысқанына қалай қарайсыз?

-Мен дұрыс қараймын. Себебі тек біздің елдің астанасы ғана Президенттің атымен аталып жатқан жоқ қой. Мысалы, АҚШ астанасы – Вашингтон, президенттерінің атымен аталады. Одан бөлек, тіпті мемлекеттің аты да басшының атымен аталады, Рим – Ромуланың атымен, Александр Македонскийдің атымен аталған Александрия қалалары, кезінде Ресейдің астанасы болған Санк-Петербург те І Петрдің атымен аталған. Айта берсем, өте көп мысалдар бар. Президенттің, корольдің, патшаның атымен аталуының себебі – оларға деген құрмет, олардың сол мемлекетке, елге деген орасан еңбегінің бағаланғаны үшін деп ойлаймын. Біздің Астананың да атауы – Елбасымыздың атымен аталғанына келісемін. Себебі сол қаланы тұрғызды, жаңа өмір берді. Қазіргі таңда елімізде Алматыдан кейінгі екінші мегаполис, ал болашақта Нұр-Сұлтан озатынына сенімдімін. Себебі ол – жастар қаласы, болашақтың қаласы – деп сөзін аяқтады Аружан.

-Рақмет, Аружан. Отырыңыз. Тағы алып-қосарларыңыз бар ма? Мүмкін Аружанның ойымен келіспейтін боларсыздар?

-Жоқ апай, келісеміз. Астанамыздың аты- Нұр-Сұлтан бола берсін. Әдемі естіледі – деді Эршод.

-Келесі кім айтады?

-Апай, мен айтамын – деді Эршод. Мен сіз айтқан Қазақстанның БҰҰ кіруін айтамын.

-Әрине, мархаббат.

-Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызында Хақықаралық ұйымдардың бірі ретінде БҰҰ мүше болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 47-ші сессиясында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы саясатымен әлемді таныстыра келе, ең маңызды екі ұсыныс айтқан еді. Оның біріншісі, «бір+бір» формуласы. Бұл формула бойынша әрбір ел өзінің қорғанысқа бөлген қаражатының 1 пайызын бере отырып, жыл сайын оны тағы бір пайызға көбейтуді ұсынды. Солай болашақта он-жиырма жылда әрбір елдің бөлген қаражаты 10-20 есеге көбейеді, осылай мемлекеттер әлемде туған мәселелерді бірлесе шешеді. Ал, екінші ұсынысы – Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес шақыру. Себебі Азия құрлығы қызыл нүктелердің бірі деуге болады. Өйткені Үлкен Азияға Ауғанстан, Пәкістан кіреді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл ұсынысы БҰҰ және өзге де елдерден қолдау тапты. Негізінде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы байланыс өте зор. Елімізге 2002 жылы БҰҰ Бас хатшылары Кофи Аннан, Пан Ги Мун және Антониу Гуттериш бірнеше рет ресми сапармен келген. Ал, Елбасы Н.Назарбаев Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне 11 рет барған, Бас Ассамблеяның жиналысында 9 рет сөз сөйлеген. Ал қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарды. Бұл жәй мақтау сөздер емес, жап-жас мемлекеттің осы ғаламдық ұйымға тек мүше ғана емес, сонымен қатар өзге елдер арасында беделді болды – деді Эршод.

-Мен осы жерден жалғастырайыншы, апай?

-Иә, жалғастырыңыз, Диана.

-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 29 тамызды «Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» деп жариялаулауды ұсынды. Бұл күн тек еліміз үшін ғана емес, әлем үшін де маңызды күн болды. Семей полигонын жауып, мемлекетіміздің ядролық қарудан бас тартуы – біздің бейбітшілікке қарай ұмтылып жатқанымыздың дәлелі болды. Одан бөлек, Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдар аралығында Орталық Азияда бірінші болып БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайлануын мақтан етіп айтуға болады. Негізінде, Қауіпсіздік Кеңес БҰҰ ең негізгі құрылымының бірі, әрі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі орган. Осы органға мүше болу арқылы – Қазақстан өзін тағы да халықаралық аренада белсенділігін көрсете отырып, бейбітшілік үшін әрдайым күресетін ел екенін тағы паш етті.

-Рақмет, Диана. Сізге сұрақ, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы дұрыс болды ма? Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының шешімімен келісесіз бе? – деді Елмұра Үсенқызы.

-Келісемін – деп бірден жауап берді Диана. Еліміздің осы 30 жылда мақтанарлықтай айта алатын тағы бір дәлелі – осы ядролық қарудан бас тарту деп есептеймін. Қазақстан өзінің қарсылығын сонау Кеңес Одағының құрамында 1991 жылы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойғаннан басталды. Мысалы, әлемде екі мыңнан астам ядролық сынақтар жүргізілген. Соның 500-ге жуығы біздің елде сыналған. Кеңес Одағынан ыдырап шыққаннан кейін, Қазақстан территориясында қалған ядролық қару біздің елді АҚШ-қа тең келетін супер держава қатарына қосылуға мүмкіндік берді. Мемлекетіміздің Байқоңыр, Семей және Сарыөзек қалаларында 1500-ге жуық ядролық заряды бар оқтұмсықтар, 100-ден аса зымырандар, 200-ден аса ядролық қанатты бомбалаушы ұшақтар және өзге де ядролық қару-жарақтар бар еді. Осындай дүниеден бас тартып, Президентіміз Н.Назарбаев АҚШ және өзге де елдермен иық тірестіре отырып, екі жақты және көп жақты келісімсөздер жүргізе білді – деді Диана. Елмұра Үсенқызы, осы тақырып маған қатты қызық болды. Мен ғаламтордан Қазақстанның Ядролық қарудан бас тарту келісімге қалай келгені туралы іздеп, оқыдым. Сол кезде келіссөздер жүргізу үшін келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкер біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына: «Қазақстан жерінде орналасқан әрбір зымыранға Американың үш зымыраны дайын тұрғанын» айтып, қорқытпақшы болған ғой өздерінше. Елмұра Үсенқызы, ойлаңызшы сол кезде біздің Елбасы қандай керемет саясат жүргізе білген. Ядролық клубқа мүше әрбір елдер өз тараптарынан Қазақстанның территориялық тұтастығына, ұлттық қауіпсіздігіне кепілдерін берген. Бұл жап-жас мемлекет үшін өте маңызды болды ғой. Жаңа ғана 70 жыл бодаудан енді шығып, келесі бір елдің құрамына кірмей, аңсап жеткен егемендігімізді енді жоғалтпау керектігін Президентіміз жақсы білді. Міне солай, 1992 жылы біз Лиссабон хаттамасына қол қойдық, яғни Кеңес Одағынан қалған барлық яролық қарудан бас тарттық деген сөз. Ал, 1994 жылы Ядролық Клубқа кірген АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Франция және Қытай елдері Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік туралы шартқа қол қойды. Тек 1995 жылы ғана елімізде барлық ядролық қарулар Ресейге шығарылып бітті.

-Апай, уақыт бітті – деді Дастан.

-Елмұра Үсенқызы, менің айтатыным әлі көп. Мен үзіліске шықпай жалғастырсам болады ма? – деді Диана.

-Әрине жалғастырыңыз, үзіліске шығатын студенттер шығуларыңызға болады.

Дастаннан басқалары шығуға ниет білдірмегенен соң, амал жоқ Дастан да аудиторияда қалды. Мұғалім студенттердің еліміз туралы осынша ма көп ақпараттар білетіні, ол туралы өз беттерімен ізденгендері қуантты. Жастардың патриотты болып өсіп келе жатқандарын көріп, ішінен мақтан етті.

-Диана, тезірек айтшы. Қарным ашып кетті – деді Дастан қалжыңдап.

-Саған қызық болмаса, сен бәрін білсең шыға бер. Сені ешкім ұстамайды – деді Диана қалжыңдаған группаласына.

-Ойнап айтамын, сонша не болды, бір ашуыңды бер енді – деді Дастан ыржиып.

-Апай мен жалғастырамын, Әйтпесе барлық уақытым мына Дастанның қалжыңына жауап берумен кетеді деді де, Диана ары қарай жалғастырып кетті. Біздің Елбасымыз 2012 жылы «АТОМ» халықаралық жобасын ұсынған алғашқы тұлға. «АТОМ» сөзінің мағынасы – «Сынақтарды жою – біздің мақсатымыз» дегенді білдіреді. Бұл жоба аясында кім қай елден болса да, ядролық қаруға қарсы барлық халық, барлық адам онлайн петицияға қол қоя алады. Қазақстанда 2015 жылы төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды. Неге Қазақстан таңдалды білесіңдер ме? Себебі, біріншіден, Қазақстан тыныш, бейбітсүйгіш мемлекет. Ал екіншіден, біз уран өндіруден әр жылы бірінші не екінші орындамыз – деді Диана. Одан кейін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы БҰҰ 70-ші сессиясында Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі Жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды ұсынды және ол көп ұзамай сол жылы қабылданды. Ал 2019 жылы яролық қауіпсіздікті қолдайтын және ядролық қарудан азат әлемнің Жаһандық көшбасшылар альянсын құруды ұсынды.Мен мұның барлығын не үшін айтып жатқанымды білесіңдер ме? – деді Диана артына қарап. Ядролық қару адамзат тарихындағы ең жауыз қару. Ол тек бір мемлекетті емес, планетаны жоқ қылады. Сол ядролық қару террористтік топтардың қолына түссе не болатынын білесіңдер ме? Немесе тек өзін ойлайтын басшылардың қолына түссе не болады? Барлығымыздың өмірімізге қауіп төнеді, болашағамызға қауіп төнеді. Сол жауыз қаруға қарсы тұрып, елміздің сыртқы негізгі саясатының бірі ретінде айқындаған осы – Тұңғыш Президентіміз. Кезінде Тәуелсіздігімізді алғаш алған жылдары, мұсылман мемлекеттерінің басшылары, атап айтқанда Ливияның Президенті  Муаммар Каддафи Нұрсұлтан Назарбаевқа 20 миллиард доллар ұсынған екен, яғни біздің еліміздегі Кеңес Одағынан қалған ядролық қаруды сақтап қалу үшін ұсынылған қаржы. Бірақ біздің Елбасы дұрыс істеді, егер бас тартпағанда қазір біз қандай мемлекет болушы едік, оны бір Алла біледі. Сол жаман қарудан бас тартқанымыздың арқасында инвестицияда келе бастады, аш-жалаңаш қалған бізге инвестиция қатты қажет еді – деп сөзін аяқтады Диана. Елмұра Үсенқызы, мен бұл тақырыпты әбден зерттедім. Себебі менің әкем саясатта жақсы көреді, өзі саясаттанушы емес. Бірақ теледидардан көреді, газет оқиды және соны біреумен талқылағанды жақсы көреді. Мен кішкентайымнан әкемнің осы еліміз туралы айтқан сөздерін тыңдап өстім. Солай саясатты жақсы көріп, міне Халықаралық қатынастар факультетіне оқуға түстім – деді Диана.

-Жарайсыз, Диана. Сізге 5 қойдым. Әрбір тақырыпты осылай өздеріңізше ізденіп оқысаңыздар, ол білімді ешқашан ұмытпайсыздар – деді мұғалім.

-Апай, Қазақстанның бүкіл жетістігін 50 минут түгілі, бір апта айтсақ та таусыта алмаймыз ғой – деді Назерке.

-Дұрыс айтасыз, Назерке. Уақыт бізде шектеулі, бірақ біз университетте желтоқсан айында конференция ұйымдастырып, сол кезде өздеріңіздің ұнатқан тақырыптарыңызды айта аласыздар. Үлгермеген студенттер, маған жазбаша тапсырсаңыздар болады. Менің поштам силлабуста жазылған –  деді Елмұра Үсенқызы. Осымен сабақ бітті, келесі көріскенше сау болыңыздар – деді мұғалім бегунок пен журналдарын үлкен көк рюкзагына салып жатып.

-Сау болыңыз апай. Семинар тамаша өтті – деді студенттер.

 

                                                

                                            2-ші сабақ.

 

Елмұра Үсенқызы кафедра меңгерушінің кабинетіне бет алды. 75 кабинетте оқытушылар үзіліс кезінде келіп, демалады. Өзге мұғалімдермен көрісіп, қал-жағдайларын сұрасатын жылы кабинет осы. Төрде Самал Қанатқызы отырса, оған қарама-қарсы лаборант Фируза отырады. Қашан кіріп келсең де кабинетте не мұғалімдер, не студенттер болады. Самал Қанатқызы барлығының мәселелерін шешіп, одан қалса кафедраның жұмыстарын да жасап үлгереді. Елмұра сағатына қарады, үзіліске әлі екі минуттай бар екен. Келесі сабағы 4-ші курстарда болады. Тоғыздан отыз минут өткенде Елмұра Үсенқызы 45 аудиторияға кіріп келді. Үшінші курстармен салыстырғанда бұл топта студенттер көп екен. Журналға үңілсе 17 студент болды, бірақ сабаққа бәрі келмеген екен. Бұл студенттермен де амандасып, өзін таныстырды. Староста Санияға бегунокты беріп, семинарды бастап кетті.

-Сіздер биыл бітіруші түлексіздер. Диплом тақырыптарын таңдадыңыздар ма? Бітіргеннен кейін қайда жұмыс істуді көздеп жатырсыздар? – деді мұғалім.

-Диплом тақырыптарын әлі ойламадық апай. Бірінші аман-есен емтиханнан өтіп алайық, содан кейін ол туралы ойлаймыз – деді Руслан.

-Олай болмайды. Сіздер осы 4 жыл аралығында түрлі тақырыптарды өттіңіздер, әртүрлі мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатымен, мәдениеттерімен, дипломатиямен жақынырақ таныстыңыздар. Сіздерге ұнаған бір ел бар шығар?

-Бар ғой, апай.

-Онда қазірден бастап, ойланыңыздар. Себебі келесі жылы көзді ашып жұмғанша өндірістік тәжірибе болады, сосын 2 ай шамасында диплом жазу керек боласыздар. Ол тым аз уақыт, ал қазірден қамдансаңыздар өздеріңізге оңай болады.  Бір айдан кейін кафедраға тақырыптарыңызды ұсынуларыңыз керек – деді мұғалім. Сонымен, бүгін сабақта жеті студент жоқ. Қалған онымыз сабаққа дайынбыз ба? Мен бүгін сіздермен сабақтан бұрын, сіз үшін де маңызды, мен үшін де маңызды тақырыпты талқылауды жалғастыруды ұсынар едім, қалай қарайсыздар?

-Қандай тақырып, апай? Оңай болса, мен келісемін – деді Заңғар.

-Иә, оңай тақырып. Біздің еліміз туралы. Биыл қандай жыл?

-2021 жыл, апай. Оқу басталмай жатып, ұмыттыңыз ба – деді Талас.

-Байқаймын, бұл топта та мұғаліммен қалжыңдасатын студенттер жетерлік екен. Мен қатал мұғаліммін. Қалжыңды түсінбеймін және сіздерге де өздеріңізді дұрыс ұстап, этиқалық заңдарды ұмытпауларыңызды сұраймын –  деді Елмұра Үсенқызы.

-Кешіріңіз, апай. Енді қайталанбайды – деді Талас.

-Жақсы. Сонымен, биыл қандай жыл? Еліміз үшін маңызды жыл ма?

-Еліміздің 30 –жылдық мерейтойы болатын жыл. Егемен мемлекет болғанымызға отыз жыл толады, үш айдан соң – деді Сания.

-Студенттер, сіздерге сұрақ. Қазақстанның Тәуелсіздікке қалай жеткенін мен айтпасам да білесіздер. Аңсаған, армандаған егемендігімізді алдық. Қалай ойлайсыздар, Тәуелсіздікке қол жеткізу қиын болды ма әлде Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар қиынырақ болды ма? Партада отырып алып сөлемей, мәдениетті түрде қол көтеріп, жауап берейік жақсы ма?

-Апай мен айтайыншы – деді үшінші партада отырған Амина.

-Есіміңіз?

-Амина Шалқар. Менің ойымша Тәуелсіздік алу бізге қиын болды. Тарихты бәріміз оқыдық қой. Қытаймен де, жоңғарлармен де, Патшалық Ресеймен де, Хиуа хандығы, Ноғай, Қоқан, Өзбек хандығы, одан кейін 70 жыл Кеңес Одаңының бодауында болып, аштыққа ұшырап, бір қырылдық. Одан қала берсе, репрессияға ұшырап бір қырылдық. Енді болды ма дегенде Ұлы Отан соғысына қатысып, бір қырылдық. Сондықтан, біздің тәуелсіз ел ретінде күресіміз ұзақ болды, қиын болды – деді Амина қабағын түйіп.

-Амина, пікіріңізге рақмет. Тағы кімде қандай пікір бар?

-Апай менің ойымша, Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан соң да оңай болмады. Себебі, Кеңес Одағынан ыдырап шыққаннан кейін, сыртқы саясатын айқындап, ішкі саясатын қалыпқа келтіру керек болды. Ол оңай емес еді. Қазынада көк тиын жоқ. Халықта жұмыс жоқ, аш отырған кез. Не өзіміздің төл ақшамыз жоқ. Менің апам сол 90-шы жылдарды еске алғанда денем тітіркененді ғой. Біз ол күндердің бірін де көрмедік, тек ата-анамыздың айтқан әңгімелерінен ғана естіп қалмасақ – деді Сандуғаш. Ойлаңдаршы, бүкіл әлем бізге қарап тұр. Бізді екінші Солтүстік Корея болады ма әлде дамушы, демократиялық құндылықтарды алға ұстаған ел болады ма деп бақылады ғой. Себебі халықаралық аренада жаңа 15 мемлекет дүниеге келді. Олардың әрбірінің сыртқы саясаты өзге әлемдегі қатысушыларға тікелей әсер ететін болды ғой. Қазақстан әлемде 9-шы орын алатын, Орта Азияның алып барысы ретінде оның сыртқы да, ішкі де саясаты әлем назарында болды – деді Сандуғаш.

-1993 жылы біз өз төл теңгемізді шығардық. Қорымызда тек 700 миллионнан  астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резерві ғана болды. Ресей Федерациясы бізге ақша шығаруға көмек беретіндерін айтты. Бірақ олардың біздің елге қойған шарттары да оңай болмады – деп күрсінді Қайрат.

-Қандай шарттар қойды, Қайрат? – деді Руслан.

-Шарттар дегенді қайтадан Тәуелсіздігімізден бас тартуды талап ретінде қойды. Бізге Ресей рубль шығарып береді, ал біз сол елдің құрамына қайта субъекті ретінде кіруіміз керек болды. Бірақ шарт мұнымен бітпеді. Жаңа айтқан қорымыздағы 700 миллионнан астам резервті Ресейдің банкіне салуымыз керек еді. Сол кезде Тұңғыш Президентіміз елімізде ұлттық валютаны шығару туралы Жарлыққа қол қойып, өзіміздің теңгеміз дүниеге келді. Елде Ұлттық Банкіміз де ашылды – деді Қайрат.

-Рақмет, Қайрат. Бізге теңгеміздің тарихын айта отырып, сонау қиын кездерге бір-ақ апардыңыз – деді Елмұра Үсенқызы.

-Апай, 1993 жылы еліміз үшін тағы бір маңызды оқиға болды. Сол туралы айтсам болады ма? – деді Іңкәрім қол көтеріп.

-Аты-жөніңіз?

-Іңкәрім Төлебайқызы.

-Жақсы, Іңкәрім. Сіз бізге не туралы айтасыз?

-1993 жылы құрылған Болашақ бағдарламасы туралы айтамын, апай. Әлемде әлі күнге дейін аналогы жоқ бағдарлама. Теңгемізді енді шығарып, елде ақша жоқ, азық-түлік жоқ, халыққа мемлекет айлық төлей алмай жатса да, еліміздің болашағы үшін жастардың шетелде білім алулары керектігін Тұңғыш Президентіміз жақсы түсінді. Себебі шетелдің ең мықты университеттерінде білім алған әрбір түлек елге келіп, адал еңбек етіп, мемлекетімізді көркейтіп, дамытатынына сенді. Ойланыңдаршы, әрбір студентке мемлекет 20 мың доллардан бастап төледі. Оның оқуы, шәкіртақысы, ұшып бару-қайту билеттерінің балығын мемлекет өз мойнына алды. Одан бөлек тіл білмейтін Болашақ стипендиаттарын Тіл курстарына оқытып, оны да бюджеттен төледі. Бакалавр, магистратура, докторантураны да әлемнің Гарвард бастаған мықты университеттеріне түсуге мемлекет барлық жағдайды жасады, ол кезде жастардан тек білім алып, еліне қайту ғана сұралды. Қазіргі таңда, бұл бағдарлама бойынша тек магистратура, докторантура, резидентура, кәсіби біліктілікті жоғарылату, тәжірибе алмасу бар. Бакалаврды 2010 жылдан бері алып тастады – деді Іңкәрім.

-Іңкәрім, сізге сұрақ – деді мұғалім. Қалай ойлайсыз, неге бакалавриатты алып тастады?

-Себебі, біздің университеттердің білім беру жүйесі шетелмен салыстыруға мүлдем келмейтін еді. Қазақстан 2010 жылдан бастап,  Балондық білім беру жүйесіне көшті. Ал ол бойынша біздің елдің университеттерінің дипломы АҚШ, Батыс Еуропа елдерінің университеттеріне жарамды болды, яғни кредиттік білім жүйесі. Содан бастап, мемлекет негізгі білімді өз елімізде алуға, әрі сол арқылы бюджеттің ақшасын үнемдеді. Менің ойымша, бұл дұрыс шешім. Себебі, кейбір студенттеріміз бакалавр бойынша шетелге кеткен кезде 18-ге толмағандары да болды. Шетелге көбісі бірінші рет барғандықтан, олар үшін психологиялық тұрғыдан да, менталитет тұрғысынан да біршама қиындықтар болды. Сонымен қатар, біздің университеттерімізді бітірген студенттеріміз еш қиындықсыз ең мықты университеттерге магистратураға, докторантураға де әлі қабылданып жатыр – деді Іңкәрім апайына қарап.

-Іңкәрім, рақмет. Сізге тағы бір сұрақ қойсам – деді мұғалім жымиып.

-Апай сізде сұрақ көп екен ғой – деді Заңғар.

-Сіздерге сұрақты мен қоймасам, кім қояды, Заңғар?

-Емтихан тапсырғанда апай сіз болмай-ақ қойыңызшы. Бізге сұрақтарды жаудырып, құлататын сияқтысыз ғой – деп күлді Заңғар.

-Егер берілген тапсырмаларды оқып, орындап жүрсеңіздер, неге емтиханнан қорқасыздар? Әлі-ақ тапсырып шығасыздар –деді Елмұра Үсенқызы. Сонымен, Іңкәрім біздің елде 2010 жылы Назарбаев Университеті бұрынғы Астана, қазіргі Нұр-Сұлтанда ашылды. Қалай ойлайсыз ол университеттің біздің елге қаншалықты маңыздылығы болды? Неге мемлекет әрі қарай Болашақ бағдарламасымен студенттерді жібере бермеді? Әлде Назарбаев Университеті шетелдің білімінен кем емес пе?

-Апай, Назарбаев Университеті де ТМД аналогы жоқ университет қой. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. Болашақ бағдарламасымен салыстыратын болсақ, қараңыз – деді Іңкәрім шашын иығына жіберіп. Болашақпен кету үшін үміткерде өз үйі болуы керек немесе ата-анасының үйі. Ол үй кепілдікте болады, яғни үміткер барлық емтихандардан өткеннен соң, оқуға жіберіледі. 4 жыл білім алып елге оралуы керек, Қазақстанда кем дегенде 5 жыл жұмыс істегеннен соң, ол үй өзіне немесе ата-анасына қайтарылады. Бұл Болшақ бағдарламасының негізгі шарты болып табылады. Ал, қараңыз. Үйі жоқ, немесе үйі банкте кепілде болатын отбасылардың балалары сонда шетелде білім алуына болмай ма? Олардың үйі болмағаны үшін, жолдарын кесуге болмайды ғой! Міне, сол үшін Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен, әлемдік деңгейдегі халықаралық университет ашылды. Бұл білім ордасында сенің әлеуметтік жағдайыңа қарамайды. Тек білімді, алғыр студенттерді қабылдап, тегін жатақхана мен үш мезгілдік ыстық тамағымен қамтамасыз етеді. Одан бөлек, жақсы шәкіртақысы тағы бар. Бұл университеттегі оқытушылар, профессорлар АҚШ, Ұлыбританияда білім алған, тәжірибесі мол мамандар. Құдай қаласа, мен магистратураға Назарбаев Университетіне түсемін. Қазіргі таңда IELTS дайындалып жатырмын – деді Іңкәрім көздері жадырап. Назарбаев Университетінде екі дипломдық та бағдарламалар бар. Сіз магистратурада оқып жүріп, АҚШ, Сингапур, Австралия университеттерінің бірінде 6 ай оқып келсеңіз болады. Елмұра Үсенқызы, сіз білесіз бе, біздің Қазақстан білім аламын деген барлық студентке өтееееее үлкен мүмкіндіктер жасап отыр. Мемлекет бізге тек оқысаң болды дейді. Мектепті қызыл аттестатқа бітірсең, алтын белгіге бітірсең еліміздегі қалаған университеттерімізде 4 жыл тегін оқуға болады. Тіпті колледждердің өзіне де грант берген. Орта Азия елдерін алатын болсақ, бірде-бір мемлекетте жастарға мұндай жағдай жасалмаған. Тіпті, ТМД алсақ та, әлемнің қай елін алсаңыз да Қазақстандағыдай жағдай жасалмаған деп мен нақты айта аламын. Бұл тек бастамасы ғана. Назарбаев секілді әлі тағы талай университеттер ашылады. Мысалы, Алматыда биыл Де Монфорт Университетінің филиалы ашылды. Британия Университетінің біздің елді таңдауы бекер емес. Олар да жылдар бойы сол елді зерттейді ғой, халықтың экономикалық жағдайына, біліміне, елдегі қауіпсіздікке қарайды. Болашақта тағы бір Британияның Университеті жақсында ашылады, атын ұмытып тұрмын, апай деді – Іңкәрім. Тағы Назарбаев Университетінің ашылуының пайдасы, 18-ге толмаған балаларын шетелге емес, өзіміздің елде оқытып, олардың қауіпсіздігіне, денсаулықтарына ата-аналары алаңдамайтын болды. Ол Университетке еліміздің ең мықты мен-мен деген стденттері түсе алады. Менің інім 2013 жылы НУ түсті, қазір Атырауда бас директордың көмекшісі қызметін атқаруда – деп қуанып Іңкәрім өз сөзін аяқтады.

-Жарайсыз, Іңкәрім. Рақмет. Рұқсат етсеңіз, соңғы сұрақ қойсам – деді мұғалім күліп.

-Әрине, апай.

-Сіз университеттерімізді жақсы зерттепсіз. Мектептер туралы ойыңыз қандай? Біздің білім жүйесінде қандай келеңсіздіктер бар деп ойлайсыз? Әлде бізде бәрі тамаша ма?

-Апай, қай елді алсаңыз да,  олардың білім беру мен денсаулық сақтау саласында кінәрат табылады. Себебі бұл салалар әрдайым өзгеріске ұшырап отыратын сала ғой. Уақытпен бірге өзгермесе, артта қалады. Медицина да, технология да жыл сайын өзгеріске ұшырауда. Біздің елдің де ақсап тұратын тұстары бар. Бірақ Қазақстанның егеменді ел ретінде енді ғана 30 жыл өтті ғой. Біздің медицинаны АҚШ, Еуропаның немесе Азияның мықты елдерімен салыстыруға мүлдем болмайды. Отыз жасар баланың білімі мен тәжірибесін 245 жыл өмір сүргенмен салыстыруға бола ма? Кейде осы саясаттан хабары жоқ адамдардың әңгімелерін естісем, олардың көздерін ашқым келеді. Бірақ, кейін оған көп уақыт керек екенін түсінемін. Барлық халықтың білімі бірдей емес екенін де түсініп жатырмын. Мектепке келсек, ауыл мен қала мектептерінің айырмашылықтары бар және болады да. Себебі барлық адамзат жақсы өмірге ұмтылады, қалаға көшіп, балаларының жақсы мектептерде оқуы үшін еңбек етеді. Осылай ауыл мектептерінде жақсы мұғалімдер де азайып кетті. Оған мемлекет кінәлі емес. Бұл үрдіс тек біздің елде жүріп жатқан жоқ, урбанизация барлық жерде бар және болады да. Сол үшін елімізде жақсы саясат басталды. Яғни, «Дипломмен ауылға» деген бағдарламамен жас кадрлардың ауылға барып, еңбек етулеріне жағдайлар жасалып жатыр. Негізінде көп бағдарламалар бар, қазір ұмытып тұрмын, әйтпесе тізіп айтып берер едім – деді Іңкәрім телефонына қарап. Одан бөлек ауыл мектептерінің мұғалімдерінің айлықтарын екі есеге көбейтті. Сонымен қатар, ауылды бітірген оқушыларға әрдайым грант бөлу кезінде жақсы мүмкіндіктер беріледі. Елімізде Назарбаев Зияткерлік мектептері бар, олар да тегін. Одан бөлек Республикалық Физика және математика мектептері, Қазақ-түрік лицейлері, жеке меншік мектептер де бар. Жыл сайын оқушыларымыз жарыстардан, бірінші орындарды иемденеді. Назарбаев Зияткерлік мектептерін бітірген оқушылар, әлемдік рекордтар жасап, Гарвард, Стэнфорд, Оксфордқа қабылданып жатыр. Апай, мен біздің оқушылар мен студенттеріміздің жетістіктерін айта берсем, уақыт жетпейді ғой – деді күліп Іңкәрім.

-Дұрыс айтасыз, Іңкәрім. Сұрақтарымның барлығына толыққанды жауап бердіңіз, рақмет.

-Келесі кім жалғастырады?

-Апай, Іңкәрімге қанша қойдыңыз? – деді Заңғар ыржиып.

-Бес қойдым. Заңғар жалғастырасыз ба?

-Апай, мен Іңкәрім секілді білмеймін. Өз білетінімді айтсам болады ма?

-Айтыңыз, әрине.

-Апай, мен спортты жақсы көремін. Спортқа қатты қызығамын, әсіресе бокс және ауыр атлетика. Қазақстанның Спорт саласындағы жетістіктерін айтып берсем болады ма?

-Айтыңыз, сізді мұқият тыңдайық – деді Елмұра Үсенқызы.

-Қазақстан мен айтқан спорт түрлерінен ең мықты. Негізінде Олимпиада ойындарына еліміз 1994 жылдан бастап қатысып келеді. Бірақ, Қыстық Олимпиададан бағымыз бір жанбай қойды, тек бір ғана алтынымыз бар. Ал Жаздық Олимпиада ойындарынан мақтанып тұрып айта аламын, әсіресе бокстан біздің спортшыларымыз мықты ғой апай. 7 алтын, 7 күміс, 10 қола алғанбыз. Ал ауыр атлетикадан 2 алтын, 3 күміс, 7 қоламыз бар. Негізінде Лондон Олимпиадасында біздің алтындарымызды алып қойды, әйтпегенде одан да көп болатын еді. Ех, спортта кейде осындай әділетсіздік болады – деді Заңғар күрсініп.

-Заңғар, мемлекет тарапынан спортшыларға немесе спортқа қандай көмек беріледі, қандай қолдаулар көрсетіледі? – деді Елмұра Үсенқызы. Сіз айтып жатқан жетістіктер тек спортшылардың ғана арқасы ма, әлде мемлекет те оған үлес қосты ма?

-Апай, мемлекет қолдамаса ол спортшылар әлемдік деңгейде өнер көрсете алмайды ғой. Олардың тренерлеріне айлықты мемлекет төлейді. Спортшылар тек жаттығады. Олар жұмыс істемейді, оларға да мемлекет айлық төлейді. Олардың жаттығатын залдары бар, жаттығуға керек барлық заттарын осы біздің Спорт министрлігі өз мойнына алған. Егер спортшымыз Олимпиада ойындарынан алтын алатын болса, 250 мың доллар сыйақыны Елбасының қолынан алады. Ал күміске 150 мың доллар, қолаға 75 мың доллар сыйақы. Мұндай сыйлықты өзге елдермен салыстырсақ біздің мемлекетіміз жомарт қой, апай – деді Заңғар. Тағы қосарым, 2011 жылы елімізде 7-ші Азиада ойындары өтті. Тек өтіп қана қоймады, сол уақытта медаль алудан рекорд орнаттық. Бізден алдын бұл рекорд Жапонияға тиесілі болған. Біздің еліміз 32 алтын, 21 күміс пен 17 қола алды. Бұл мақтанатындай, мақтан тұтатындай жетістік, апай. 2022 жылы Бейжиңде өтетін Қыстық Олимпиаданы біздің елде өткізу туралы өтінішімізді, Халықаралық Олимпиада Комитеті қабылдамады. Бірақ біз еш ренжімейміз, болашақта біздің елімізде Жаздық та, Қыстық та Олимпиадалар өтетін болады. Туристтер, спортшылар келіп, мемлекетімізді көріп, таң қалатын болады – деді Заңғар жүрек тұсын бір ұрып.

-Заңғар, бірақ биыл Токио Олимпиадасында біздің еліміз алтынсыз оралды, оған қандай пікір айтасыз?

-Апай, біздің спортшыларымыз тырысты, бірақ жолдары болмады. Халықта жақсы сөз бар ғой, «отыз күннің он бесі ақ, он бесі қараңғы» деген. Спортшыларымыз үшін сол қараңғы күндер келген шығар. Өзіңіз де көрдіңіз ғой кейбір спортшыларымызға әділетсіздік танытты. Одан бөлек, мына ауру да әсер еткен болар. Меніңше, 30 жастағы Қазақстан үшін бұл үлкен көрсеткіш деп ойлаймын. Әлі талай асуларды бағындырамыз, енді тек футболды жөнге келтірсек – деп күлді Заңғар. Апай, ойбу уақыт болыпты ғой. Алғаш рет 50 минуттың осынша ма тез өткеніне таң қалып отырмын.

-Сабақ қызық болса, уақыт білінбейді – деді Іңкәрім.

-Осымен сабағымызды аяқтайық. Семинарға белсенді қатысып отырған баршаңызға рақмет. Шынымен Заңғар айтқандай уақыттың қалай зулап өткенін байқамай қалдық. Ал жауап беріп үлгермеген студенттер менің поштама жазбаша жазып өткізсеңіздер болады. Келесі де кездескенше, сау болыңыздар!

-Сау болыңыз апай – деп студенттер орындарынан тұрды.

 

                                            

                                                3-ші сабақ.

 

Елмұра Үсенқызы биыл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасын «Саясаттану» мамандығы бойынша үздік тәмамдап, Шет тілдер және іскерлік карьера университетіне мұғалім болып жұмысқа орналасқан еді. Жұмысқа қабылданарда университеттің Проректорымен сұхбат жүргізгені әлі есінде:

-Елмұра Үсенқызы, сізде ешқандай тәжірибе жоқ. Студенттер сізді басынады деп ойламайсыз ба? Басынып кетсе не істейсіз? – деді Асия Жандосқызы.

-Менде тәжірибе жоқ, дұрыс айтасыз. Бірақ мен үйренуге дайынмын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» дегендей, менің білімім жас студенттерге сабақ беріп қана қоймай, оларды тәрбиелеуге, оларға үлгі болуға жетеді. «Болашақ – жастардың қолында», тәжірибе де – уақыт өте келеді. Үйрететін аға буын сіздер болсаңыздар, үйренетін кіші буын біз боламыз –  деп жауап берген еді.

Елмұра үзіліс кезінде осы сұхбатты еске ала отырып, езу тартты. Жас болса да, студенттерге өз білгенімен бөлісіп, оларды елін сүюге тәрбиелеуге, жақсы маман болуларына, білім алуларына барынша еңбек етуге өзіне сөз берген еді. Себебі әрбір мұғалім – ол жай маман емес. Ол – мектептен бастап, университет табалдырығында да тәрбие беретін, білім беретін, үлгі болатын ұлы тұлға. Сондықтан да Жапонияда ұстаздарды құрметтегені соншалықты оқушылар да, халық та мұғалімнің тіпті көлеңкесін баспайды. Қытайда мұғалімдердің мәртебесі өте жоғары.

Сағат 10:30 болды. Елмұраның кестесі бойынша 58 аудиторияда Халықаралық қатынастар мамандығының 2 курс студенттерінде «Халықаралық ұйымдар» деген пән болуы керек. Елмұра Үсенқызы дәл уақытында аудиторияға кіріп келді.

-Сәлеметісіздер ме, студенттер.

-Сәлеметсіз бе, апай?! – деді студенттер жамырай.

-Рақмет, отырыңыздар. Өзімді таныстырып кетейін –деп мұғалім өзі туралы айтып кетті.

-Апай, жасыңыз нешеде? – деді Асқар артқы партада отырып.

-Аты-жөніңіз?

-Аты-жөнім Асқар Еспаев, апай. Сізді ренжітейін дегенім жоқ, тек жақынырақ танысайын деген оймен сұраған едім – деді жымиып.

-Мұғалімді сыйлау керек екенін естеріңізге салмай-ақ қояйын, білетін боларсыздар. Сабаққа қатысы жоқ келеңсіз сұрақтар қоймаймыз. Асқар, менің жасым, сіздерге беретін пәніммен еш қатысы жоқ – деді мұғалім студенттің көзіне тік қарап.

-Кешіріңіз, апай! Енді қайталанбайды, – деді Асқар.

-Жақсы, онда сабақты бастамас бұрын мына бегунокқа қолдарыңызды қойыңыздар. Мен таңнан беру 3-ші және 4-ші курстарға сабақ беріп келе жатырмын. Сол тақырыптарды сіздермен әрі қарай өрбітсек, қалай қарайсыздар?

-Елмұра Үсенқызы, ол қандай тақырып? – деді Ақерке.

-Тәуелсіздік туралы айтып жатырмыз. Еліміздің осы 30 жылдағы жетістіктеріне тоқталып жатырмыз – деді мұғалім. Сіздерде қазір «Халықаралық ұйымдар» деген пән екен. Қазақстанның қандай халықаралық ұйымдарға кіргендігі, оның мақсаты және біздің елге қандай пайдасы тигендігі туралы талқылайық, жақсы ма?

-Апай, одан да басқа жетістіктерін айтсақ болады ма?

-Болады, әрбіріңіз бір-бір жетістіктен айтсаңыздар екен.

-Онда мен бастаймын. Қазақстан және Халықаралық Ұйымдар туралы айтып кетсем – деді Ақерке.

-Жақсы, мархаббат. Бастаңыз.

-Қазақстан Тәуелсіздігін 16 желтоқсан күні жариялағаннан кейін, үш айдан соң яғни 1992 жылы 2 наурызда ғаламдық БҰҰ мүше болды. Бұл тек бастамасы ғана еді. Еліміз 130 –дан аса мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Қазіргі таңда елімізде Біріккен Ұлттар Ұйымының 15 өкілдігі жұмыс істейді, атап айтсам ЮНИСЕФ, ПРООН, ОПЕК, ЮНЕСКО, ЮНИФЕМ, ДДСҰ, ЮНИДО, ХЕҰ және т.б. Одан бөлек Қазақстан 1992 жылы 30-шы қаңтарда Еуропалық Ынтымақтастық және Қауіпсіздік Ұйымына кірді. Бұл ұйымға біздің мемлекетіміз 2010 жылы Төрағалық етті. ТМД елдерінің ішінде ең алғаш Төрағалық еткен біздің еліміз болды. Сонымен қатар, Астана қаласында ЕЫҚҰ Саммиті өтіп, декларация қабылданды. Біздің бұл ұйымға кірерде негізгі ұранымыз бар, төрт «ТТТТ» деп аталады – деді Ақерке.

-Ақерке, сізге сұрақ. Осы Қазақстанның Халықаралық Ұйымдарға кіруін, өзге елдермен сыртқы дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы шешімді кім қабылдайды?

-Әрине, біздің Президентіміз. Тек сыртқы саясатты ғана емес, сонымен қатар ішкі саясатты да айқындайды. Жаңа айтқан 4 «ТТТТ» ұранын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған еді. Мағынасына тоқталатын болсам, негізінде бұл әріптер ағылшын әріптері ғой, қазақ тілінде айтсам, ТRUST – сенім, TRADITION  – дәстүр, TRANSPARENCY – ашықтық,  TOLERANCE – толеранттық дегенді білдіреді. 130 астам этносы бар ел үшін толеранттылықтың маңыздылығын Елбасымыз жақсы білді. Халықаралық аренада ашықтықтың болуы мен сенімнің орнауы – еліміздің беделін көтереді. Ал, дәстүр біздің халқымыз үшін өте маңызды. Қазақстан үшін өз халқы, оның құқықтары мен бостандықтары, қауіпсіздігі бірінші орында тұрады. Оның дәлелі – Конституциямыздың 1-ші бабында: «Қазақстан – демократиялық, әлеуметтік, құқықтық және зайырлы мемлекет» деп көрсетілген. ЕЫҚҰ мен Қазақстан Республикасының негізгі байланысы – әскери-саяси деп атауға болады. Аймақтағы қауіпсіздікті нығайту, ауған мәселесін шешу, лаңкестікке қарсы бірігіп әрекет ету – бұл еліміздің ұйыммен бірге жұмыс істеп келе жатқан негізгі мақсаттары. Одан бөлек Қазақстан ТМД, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ЕЭҰ, ДСҰ, ИДБ, ТҮРКСОЙ  және өзге де халықаралық ұйымдарға мүше. Еуропалық Ұйым және НАТО мен тығыз ынтымақтастық құрған  – деп сөзін аяқтады Ақерке.

-Жақсы, сізге сұрақ, Ақерке. Сіздің пікіріңізше, Еуразиялық Экономикалық Ұйымға Қазақстанның кіргені дұрыс болды ма? Осы ұйым аясында көптеген дебаттар болды, бірі қолдады, ал енді бірі даттады – деді мұғалім.

-Апай, әрбір мемлекетте сыни-пікір айтатын оппозиция да, саясаттанушылар да, журналистер де бар. Олардың болғандары да дұрыс. Себебі демократиялық елде – бұл қалыпты жағдай. Президентіміздің әрбір іс-әрекетіне сыни-пікір білдіре берсек, онда біз оны не үшін сайладық? Дауыс бергенде, халықтың атынан, халықтың мүддесін қорғайды деп дауыс бердік қой. Президентіміз ұлттық мүддеге қайшы келетін саясат жүргізбейді ғой. Соны бәрі түсіне бермейді, апай – деді Ақерке. Еуразиялық Экономикалық Ұйымды құру иницативасы біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына тиесілі. Бұл ұйымның мақсаты – мүше елдердің ұлттық экономикасын жан-жақты дамыту, бәсекеге қабылеттілігін арттыру және әрбір мүше елдердің халқының өмір сүру деңгейлерін жақсарту. Әрине АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдерді бұл интеграцияға қарсы келеді, себебі олар бұрынғы Кеңес Одағы құрылады деп қорқады – деді Ақерке. Апай, Қазақстан халықаралық құжаттарды ең көп ратификациялаған елдердің бірі ғой. Бұл дегеніміз – еліміз қол қойған халықаралық құжаттарды өз заңдарына енгізе отырып, сол заңның орындалуын қадағалайды деген сөз.

-Рақмет, Ақерке. Келесі кім?

-Апай осы айтылған Халықаралық ұйымдардан да маңызды дүние бар. Мен сол туралы айтамын – деді Әділ қол көтеріп.

-Жақсы, Әділ жалғастырыңыз.

-Апай, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының өз елі үшін жасаған ерлігінің бірі – жеріміздің территориясын белгілеуі – деді Әділ.

-Осы территория туралы кім айтады екен деп күткен едім, жарайсыз Әділ, жалғастырыңыз деді – Елмұра Үсенқызы.

-Біздің еліміз 5 мемлекетпен шектеседі, соның екеуі – алып державалар. Осы бес мемлекеттермен шекарамызды делимитациялап, келісімге келудің маңыздылығын – Тұңғыш Президентіміз айтқан еді. Қытай елімен шекараға қатысты келіссөздер 1992 жылдан бастап, 2005 жылға дейін созылды. Себебі бұл елмен даулы территорияларды шешуде архивтегі құжаттарға көз жүгіртіп, әбден зерттеу керек еді. Ал Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып саналады, яғни 1999 жылдан бастап 2005 жылға дейін созылған келіссөздердің арқасында шекарамыз демаркацияланды. Негізінде шекараны делимитациялау кезінде Өзбекстан Республикасымен де даулы территориялардың болуына байланысты мәселелер болды. Бірақ соған қарамастан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бұл келісімді де еш қиындықсыз шешіп, 2002 жылы негізгі құжатқа қол қойылды. Ал Қырғызстанмен шекара бөлу 1999-2001 жылдары болса, Түркменстанмен 2000-2001 жылдарын қамтыды. Қай кезді алсаңызда осы шекара мәселесі үлкен қақтығыстарға, артынан соғыстарға әкелетін мәселе ғой. Жақында болған Әзірбайжан мен Армения арасында Таулы Қарабаққа таласып, екі елдің бейбіт тұрғындары қырылып кетті. Палестина мен Израиль, Үндістан мен Пәкістанның Кашмирге таласуы және ондаған осындай мысалдарды айтуға болады. Егер Елбасы маңызы зор миссия ретінде шекарамызды уақытында шегелемегенде, қазір суға бір таласып, жерге бір таласып көршілерімізбен алысып жүрер едік. Шекара мәселесі – өте маңызды мәселе ғой. Елбасы мықты мамандардан тұратын делигацияларды тағайындап, 1992 жылдан басталған шекараны анықтап, ең негізгі құжаттарға қол қойды. Міне содан бері бес көршімізбен бұл мәселе қайта көтерілген жоқ, жерге таласып екі ел арасында қақтығыстар да болған емес. Бұл – біздің Тұңғыш Президентіміздің арқасы. Ол кісі көреген ғой. Аз ғана қазақ енді жерге таласып, қырылып қалмасын деп ойлады. Себебі біздің жеріміз онсызда үлкен еді – деді Әділ.

-Рақмет, Әділ. Кімнің тағы қосары бар?

-Апай, мен айтамын. Менің ойымша Тәуелсіздігіміздің негізгі мақтанышы деп – қандастарымызды елге қайтару саясаты айтамын. Бұл идея да біздің Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі ғой. Жаңа Әділ айтқандай, жеріміз үлкен, бірақ халық өте аз болды. Осы мәселені шешу мақсатында, тарихқа үңілсек қайғылы заманның қыспағынан пана іздеп, өзге елге көшіп кеткен қандастарымызды елге қайтару керек болды – деді Таңатар. Осы күнге дейін өз Отандарына оралған қандастарымыздың саны – 1 миллионнан асады. Жалпы алғандай қазақ диаспорасы әлемнің 40 елінде бар екен. Солардың ең көбі – Қытайда 1,5 миллиондайы, Өзбекстанда – 1 миллионға жуық және Ресейде 900 мыңнан асады. Тәуелсіздік алғаннан соң елге қандастарымыз Өзбекстаннан, Моңғолиядан, Қытайдан, Түркменстан мен Ресейден жаппай көшіп келді. Мемлекет тарапынан оларға жақсы қолдаулар көрсетілді. Мысалы, елге көшіп келген отандастарымызға квота белгіленеді. Егер жоғары білімі болмаса, олардың ауыл шаруашылықпен айналысуына жер телімдері беріледі. Үйге кезекке тұрып, кезегі келгенде тегін үй ала алады. Одан бөлек қазақ тілін үйренетін курстарға тегін жолдамалар бар. Университетке түскенде де, оларға жеңілдіктер қарастырылды. Тағы бір айтып кететін жайт, қазіргі таңда қандастарымызды солтүстік аймақтарға көшіру мәселесі қолға алынып жатыр. Бұл мемлекетіміздің дұрыс саясаты деп білемін. Себебі солтүстік аймақтарда халық өте аз әрі қазақтардың үлестері де аз. Жергілікті тұрғындар аз болғандықтан, жұмыс орындары да жоқ, инфрақұрылым да жақсы дамымаған. Енді сол аймақтарға халықты көшіру арқылы бірнеше проблемаларды шешуге болады – деді Таңатар.

-Рақмет, Таңатар. Біз талқыламаған еліміздің тағы қандай жетістіктері бар?

-Апай, біз халықаралық қатынастар мамандығының студенттері болғандықтан, Сирия мәселесінде Қазақстан өз елордасын келіссөздер аймағына ұсынғанын айтпасақ болмайды – деді Жазира. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы күнге дейін соғыс пен қантөгіске қарсы екенін, бейбітшлікке келіссөздер арқылы жетуге болатынын, дау туған кезде оны дереу тоқтатуға ат салысу керектігін айтып келеді. Оған дәлел біздің еліміздің сыртқы саясатында да, ішкі саясатында да қатыгездіктің болмауы, соғыс немесе қақтығыстардың жоқтығын айтуға болады. Сирия мәселесін шешуде нейтралды ел ретінде Қазақстан өз астанасын ұсыну арқылы, алып мемлекеттерге де, жалпы бүкіл әлемге бейбітсүйгіш мемлекет екенінімізді тағы да бір рет дәлелдедік. Астана процессін ұйымдастыра отырып, Тұңғыш Президентіміз бұл үлкен жауапкершілік екенін, осы арқылы Сириядағы соғысты тоқтатуға ниет етті және тараптардың бір-бірлерімен мәмілеге келулеріне барынша жағдай жасалды. Бірақ біз өз жерімізді ұсынғандықтан, нейтралды болуымыз керек болды, сондықтан тікелей келіссөздерге араласа алмадық. Астана процессінің нәтижесінде – Сирияда қауіпсіз аймақтарды құру туралы Меморандумға қол қойылды. Террористтік топтарға бірлесе қарсы тұру, зорлық-зомбылықты болдырмау, ұсталған тұтқындарды босату, қайтыс болғандарды қайтару, гуманитарлық көмек көрсету мәселесі, САР Конституциясын құру туралы алғашқы талқылаулар басталды. Қорыта айтқанда, Астана процессінде Сириядағы соғысқа қатысушы тараптарды бір үстелге жинап, олардың ғаламдық соғысқа айналып кеткен Сириядағы жағдайда тоқтатуға барынша өз позициясын білдірген Қазақстанға, Елбасы Н.Нзарбаевқа БҰҰ, Ресей, Түркий, Иран, АҚШ, Батыс Еуропа елдерінің басшылары алғыс айтты, біздің осы мәселені шешуге атсалысып отырғанымызға оң баға берді – деп сөзін аяқтады Жазира.

-Жарайсыз, Жазира. Тағы кім айтады? – деді мұғалім студенттерге қарап.

-Апай, ЭКСПО-ны айтпай қалай кетуге болады? – деді Тимур. 2017 жылы Астанада 115 мемлекет, 22 Халықаралық ұйымдар қатысқан көрме болды. Сонымен қатар, Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағынан шыққан елдердің ішінде ең бірінші болып көрме өткізген елміз. 178 елден 4 миллионға жуық туристтер келген. Көрмеміздің тақырыбы – «Болашақ энергиясы» болды – деді Тимур.

-Сізге сұрақ, Тимур. Осы ЭКСПО салынған ғимараттарды қазір қалай пайдаланып жатыр?

-Бұл ғимараттар қазір бизнес орталықтарына айналған. Яғни көрмеден соң, олар ары қарай елімізге еңбек етеді. Астанамыз да түрлі ғимараттар салынып, өзгерді. Бүкіл әлемге өзімізді осы көрме арқылы таныстырдық. Жас Қазақстан үшін бұл үлкен жетістік.

-Апай, жаңадан бері біз Астана туралы айтып жатырмыз ғой. Менің де қосарым бар. Дін мен ұлт қай заманды алсаңызда өте өзекті тақырыптардың бірі. Біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер форумын бас қаламыз Астанада өткізуді ұсынды. Мұндай үлкен кездесуді ұйымдастыру арқылы Тұңғыш Президентіміз қазіргі замандағы лаңкестік, экстремизм, зорлық-зомбылыққа қарсы бірігіп, келер ұрпаққа қауіпсіз болашақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін жақсы білді. Қазіргі күнге дейін Астанада 6 съезд өтті. Мысалы съезд қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дін және этникалық топ өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларацияны қабылдаған еді. Яғни қақтығыстардың алдын алуға, қауіп-қатерлерді бірігіп жеңуге деген келісім болды.

-Апай, онда мен Қазақстанның гуманитарлық көмектері туралы айтамын. Біздің ел – көршісін Құдайдан кейін қойған ел ғой. Міне, осы 30 жылда Ауғанстанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға көмек беріп келеміз. Әсіресе, жыл сайын 1000 ауған студенттерін өзіміздің ЖОО тегін оқытамыз. Одан бөлек, биыл бәріміз білеміз, Ауғанстанда билік ауысып, қара халық қиын жағдайға тап болды. Сол кезде де Қазақстан тарапы астық өнімдерін, дәрі-дәрмектер, ақшалай да көмек көрсетіп келеді. Пандемия кезінде Қырғызстанға да, Өзбекстанға да астық өнімдерін беріп, медициналық тауарлармен де жәрдемдестік. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан Республикасы 2020 жылы бюджеттен 3,1 миллион долларды гуманитарлық көмекке жұмсаған екен. Бұны да біз мақтан тұтып, айтуымыз керек – деді Қанат.

-Жарайсыздар! Сіздерге риза болдым. Қазір еліміздің 30 жылдағы жетістіктерін тізіп айта берсек, әрине уақыт жетпейді. Бірақ, сонда да сіздер ең негізгілерін айтып шықтыңыздар. Бұнымен әлі бітпейді. Сонда да сіздермен талқылап, сонау еліміздің жаңа тарихын бір шолып өттік – деді Елмұра Үсенқызы.

-Апай, осы сабақта мен елімнің жетістіктерін көріп, бір марқайып қалдым. Ішімнен бір мақтаныш сезімі жанып тұр – деді Қанат.

-«Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем» – деді Әділ қостап.

– «Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем» деп топтағы студенттер хормен өлеңді айтып кетті.

-Апай, биыл Мұқағали Мақатаев атамыздың туғанына 90 жыл ғой. Бізде бір емес, екі мерей той екен – деді Дидар.

-Осындай кең байтақ жерімізде, бей-қам отырып, әңгіме айтып, қуанып отырғанымыз осы ата-бабаларымыздың арқасы ғой. Осы заманды көрмесе де, біздер үшін соғысып, егемен елде өмір сүрулерімізді армандады және армандары орындалды. Енді біз өз тарапымыздан туған жерді келер ұрпаққа аманат етіп қалдырып, елімізді одан да дамытып, таза және дамыған елге айналдыруымыз керек – деді Ақерке.

-Сіздей жастар тұрғанда, болашаққа алаңдаудың қажеті болмас – деді мұғалім көзіне жас алып.

-Апай, біз елімізді мақтан тұтамыз!

-Уақыт болыпты, студенттер. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

-Сау болыңыз, апай! Осындай қызықты семинар үшін рақмет!

-Сіздерге де алғыс айтамын!- деп Елмұра Үсенқызы аудиториядан шығып жатып.

                                            4-ші сабақ.

 

Бүгінгі күннің соңғы сабағы келесі қызғылт корпуста екен. Екінші қабатқа көтеріліп, 205 аудиторияның есігін ашып, мұғалім кіріп келді.

-Сәлеметсіздер ме – деп Елмұра Үсенқызы барлық студенттерге таныстырғандай өзі жайлы бір-екі сөз айтып кетті.

-Мен сіздерге «Саясаттану» пәнінен семинар жүргізетін боламын. Бегунокты алып, қолдарыңызды қойыңыздар.

-Апай, біздің мамандығымыз «Аударма ісі» ғой, саясатты білу бізге маңызды емес қой. Біз депутат болмаймыз, әкім болмаймыз. Біз тек өзге тілден аударамыз – деді топтағы жалғыз ұл студент Мансұр.

-Жақсы сұрақ қойдыңыз, Мансұр. Осы сұрақты негізі мен сіздерге қоймақшы едім. Саясаттану пәнін университетте барлық мамандықтар оқиды, оның сыры неде?

-Саясаттан хабардар болу үшін шығар – деді бірінші партада отырған Ақгүл.

-Саясаттан хабардар болу сізге не береді?

-Енді елдегі жағдайды біліп отыруымыз керек.

-Қазір елімізде не болып жатыр?

-Қазақстанда тыныш, апай.

-Иә, еліміз тыныш, жұртымыз аман. Биыл біздің ел үшін маңызды жыл, білесіздер ғой?

-Білеміз, апай.

-Сіздер саясаттануды енді оқып жатқандықтан, сіздерді қинамаймын. Сіздерге сұрақ, осы 30 жылда еліміздің сіздер білетін, мақтан тұтарлықтай қандай жетістіктері бар?

-Апай, мен айтсам болады ма?

-Есіміңіз?

-Жанармын. Апай, біздің ел әлемнің дамыған 50 еліне кірді ғой. Енді болашақта біз ең мықты 30 елге кіреміз. Жыл сайын Президентіміз халыққа Жолдау үндейді, міне сол кезде еліміздің жетістіктері туралы айтылады, болшаққа маңызды жоспарлар туралы, стратегиялар айтылады.

-Апай, біздің елде 130-дан астам этнос өкілдері тұрса да, бейбіт өмір сүреміз. Біздің елде 1995 жылдан бері Халық Ассамблеясы өз жұмысын атқарып келеді. Негізгі мақсаты – елімізде тұратын барлық халықтардың тілдерін, ұлттық дәстүрлерін өркендету, оларды сақтау. Мысалы, Қазақстан зайырлы мемлекет, бірақ соған қарамастан халықтың басым көпшілігі, яғни қазақтар мұмылман болып келеді. Сол үшін жылда Құрбан айт мерекесінде бір күн демалыс болады. Сонымен қатар, жыл сайын 7 қаңтар күні де демаламыз, себебі ол күні проваслав діні үшін маңызды күн – деді Айсара.

-Айсара, осы Халық Ассамблеясын құруды кім ұсынды?

-Бұл идеяны негізі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы сонау 1992 жылы ұсынды ғой. Қазақстан ең алдымен елімізді мекендейтін барлық тұрғынды этностық, нәсілдік ерекшеліктеріне қарамастан, біртұтас, унитарлы мемлекеттің азаматы ретінде қарастырып, тең мүмкіндіктер береді. Этностық топтардың өз тілі мен дәстүрін, әдет-ғұрыптарын дамытуға толықтай жағдайлар жасалған. Қандайда бір ұлт өзінің тілін, мәдениетін дамыту мақсатында орталықтарды ашуға ешқандай кедергілер жоқ деп айтуға болады. Мысалы мемлекеттік бюджеттен өзге ұлт өкілдерінің мәдени саласына 1 миллионнан аса қаржы жыл сайын бөлінеді. Одан бөлек жергілікті әкімдіктер де қаражат бөліп, барынша қолдап отыр. Қазақстан Республикасында 1 Мамыр мерекесі 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. Бұл мерекені тойлау  еліміздегі өзге этностармен қарым-қатынасымыздың тығыз екендігінің көрсеткіші деп айтуға болады. Сонымен қатар 1 Наурыз «Алғыс айту» күні ретінде тойланып жатыр. Қазақстанда өмір сүретін өзге ұлттар қазақтарға алғыс айтуда.

-Айсара, сіз мұндай ақпараттарды қайдан білесіз?

-Апай, менің мамам сонда жұмыс жасайды. Біздің отбасы түрлі ұлттармен тығыз байланыстамыз. Бір-бірлерімізге қонаққа келеміз. Мамам жұма күні шелпек пісіргенде, бәрін шақырады. Әрбір мейрам болса, бір-бірлерімізге қонаққа барамыз. Құдайға шүкір, біз қазақтар, өзбек болсын, орыс, татар, шешен деп бөлмей бәріміз татумыз – деді Айсара.

-Халықтардың бір-бірлерімен тату болулары үшін үлкен жұмыс керек. Міне, осы Ассамблея соның мақсатында қызмет етуде. Жарайсыз, Айсара! Сіздерге келесі сұрақ, қалай ойлайсыздар, сіздер студент ретінде осы елдің дамуына қалай үлес қоса аласыздар?

-Апай, біз сабағымыздан қалмай, сабағымызды жақсы оқысақ ол көмек болады ма?

-Иә, болады. Себебі біз жұмыс істеп, салық төлемейміз ғой. Сондықтан ол көмек деп санауға болады – деді Айсара.

-Тағы қандай көмек бере аласыздар? – деді Елмұра Үсенқызы аудиторияға қарап жымиып.

-Апай, пара бермеу арқылы біз көмек бере аламыз. Мысалы, университетте пара бермеуіміз керек. Мемлекеттік органдарда жұмысты тез бітіру үшін ақша бермеу керек, МАИ қызметкерлеріне ақша ұсынбау керек – деді Айдана.

-Айдана, егер сіздер сондай сыбайлас жемқорлықты байқасаңыздар немесе көрсеңіздер не істейсіздер?

-Апай, негізі мен ондайды өзім байқамадым. Бірақ егер көрсем, мен полицияға шағымданамын.

-Дұрыс, біз сыбайлас жемқорлыққа мүлдем келіспеуіміз керек. Ол біздің болашағымызға балта шабады. Егер жұмысқа пара беріп кіре берсе, білімсіз мұғалім, біліксіз дәрігер, заңды бұзатын полицейлер, заңды білмейтін соттар қаптап кетеді, содан кейін жағдайымыз бітті деген сөз – деді мұғалім.

-Апай, экологияны сақтау, тұратын қаламызды көркейтіп, қоқысты аз тастап, пластиканы қолданбауымыз керек. Электр энергиясын өшіріп жүру, ауыз суды үнемдеуіміз керек. Жыл сайын ағаш отырғызуымыз керек. Ол ағашты егіп қана қоймай, оның өсіп-жетілуіне жауапты болуымыз керек – деді Дана. Арал теңізінің жағдайын бәріміз білеміз, ол бізге сабақ болу керек.

-Апай, біздің қылмыс жасамағынымыз да мемлекетімізге пайда емес пе? Мысалы, заңды бұзбай, ұрлық жасамау, өтірік ауырып қалып, ауруханадан анықтама алу, сабақтан қашу деген секілді заңға қайшы әрекеттер жасамасақ ата-анамызға да, университетке де, мемлекетке де пайдамыз тиеді – деді Айдана.

Мұғалім студенттердің ойлау-қабілеттерін бағалап, сүйсініп отырды. Студенттер әрбірі өзінің шынайы пікірлерін айтып, Қазақстанды қалай дамытуға болатыны жайлы ұсыныстарын бөлісіп жатты.

-Апай, сонымен қатар біз бір-бірлерімізге көмек беруіміз керек. Бір елде тұрып жатқандықтан, мейірімдірек болайық. Мысалы, мен жиі қайырымдылық жасап тұрамын. Осылай «бір қолдан жең шығарамыз».

 

-Студенттер, сіздерге соңғы сұрақ қояйын. Елдің дамуына бірінші не себеп немесе кім ықпал етеді? – деді мұғалім.

-Негізінде апай, біздің елді алсақ, онда Президентіміз ғой. Жалпы Тәуелсіздік алғаннан бері 2019 жылға дейін бізді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы басқарып келді. Ол – ұлы тұлға. Қазақстанның дамуына, беделді болуына, жастарға, жалпы халыққа қанша ма жағдай жасады. Егер Президентіміз дұрыс саясат жүргізбесе, біз дамымаған, артта қалған ел болып отырар едік. Қазір біздің ел Орта Азияның ең дамыған елі. Бұл тек бастамасы ғана. Енді қазір Президентіміз Қасым-жомарт Кемелұлы. Ол кісі де мықты дипломат, саясаткер – деді Бақыт тақылдап.

-Біздің елге басшымызбен повезло – деді Жанат.

-Дұрыс айтасыздар, мемлекеттің дамуы – тікелей ел басшысына байланысты. Себебі ол сыртқы да, ішкі де саясатта жүргізеді – деді мұғалім.

Есікті сырттан бір мұғалім ашты. Сабақты талқылау кезінде үзілісті де ұмытыпы кеткен студенттер, екінші сабақтың басталарын бір-ақ білді.

-Кешіріңіз, сіздерде әлі сабақ бітпеді ме? Үзіліс соғылып кетіп еді – деді Майра апай.

-Жо-жоқ, бітті. Уақытқа қарамаппыз ғой. Студенттер, бүгінгі пікір-талас үшін рақмет, келесіде жүздескенше аман-сау болайық.

-Сау болыңыз, апай. Келесі сабақты асыға күтеміз – деп студенттер мұғалімді шығарып салып жатып.

Елмұра Үсенқызы 75 кабинетке бет алды. Іште Фируза мен Райгүл апай отыр екен.

-Бірінші күніңіз қалай өтті? Қиналмадыңыз ба? –деді Райгүл апай.

-Жоқ, керісінше қуанып, демалып шықтым. Студенттердің ой-өрістері, ойлау қабілеттері, пікірлерін еш бұқпасыз айта алуларына қарап – Тәуелсіз елде дүниеге келген жастарды көріп отырмын. Оларға қарап, ата-бабаларымыз бекер соғысып, бекер алыспағанын түсініп отырмын – деді Елмұра Үсенқызы.

-Иә, қазіргі студенттерде ерекше сондай қабілет бар. Сабағыңыз бітсе, жүріңіз, шәй ішіп алайық. Шәй үстінде ары қарай талқылаймыз – деді Райгүл апай.

-Жақсы, қазір қағаздарымды қояйын, сосын бірге шығып кетейік – деді жас мұғалім.

Соңы.

 

Сіздің пікіріңіз маңызды! Сайтқа кіру арқылы пікір білдіріңіз!

Шығармалар

  • Тәуелсіздік құрбандарының рух-шәрифіне © Түркімен 30.11.2021
  • Мадақ © Aqtan 30.11.2021
  • Досымды жігерлендірген жырым © Turkistandik_akin 30.11.2021
  • Ұлы күн Тәуелсіздікпен мақтанамыз © Қауырсын қалам 30.11.2021
  • Сері жайлы әфсана © Кетбұға 30.11.2021
  • Тәуелсіздікті жырлаймын! © Қаратөбе 30.11.2021
  • Аңыз © Altynkun 30.11.2021
  • Тәуелсіздік таңы атты! © tauelsizjan 30.11.2021
  • Тәуелсіз еліме тәу етем! © Bahadur 30.11.2021
  • Төнере берме төбеңнен сенің төнсе мұң © jyrqasyr 30.11.2021

Рейтинг

Шығармалар рейтингін мына сілтемеден қараңыз: РЕЙТИНГ

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Байланыс телефоны: +7(7172)70 76 35
  • aikyn.kz - Жаңалықтар
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг

Қош келдіңіз!

Facebook арқылы кіріңіз
немесе

Сайтқа кіру

Құпия сөзімді ұмыттым?

Құпия сөзді алыңыз

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру