Нәтиже жоқ
View All Result
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг
  • Кіру
Ұлы дала | Республикалық шығармашылық байқауы
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг
Нәтиже жоқ
View All Result
Ұлы дала | Республикалық шығармашылық байқауы
Нәтиже жоқ
View All Result

Бастапқы бетке қайту

Тәуелсіздік құрбандарының рух-шәрифіне © Түркімен

30.11.2021
санаты: Поэзия
0
Ұлы дала байқау
29
бөлісті
240
қаралым
Facebook

Түркімен

Тәуелсіздік құрбандарының рух-шәрифіне

 

Шерге тұнған жүректерді тырнадың…

Мысқалдықпен билік сырды сан салалы сырмағын.

Көзелерге қан толтырды,

Жас толтырды жанарға.

Қызыл шер боп өксіп жатты сулары да жылғаның.

 

Алатаудан қырандардың қаңқылы шын естілді,

Алай-дүлей боран соғып шарасыздау кеш кірді.

Шідерленді жас тұлпарлар, қарлығаштар қамалды,

Боздай-боздай не қылайын ағып түскен жанарды?!

 

Сәулелерді түнек басты, сөнді соңғы үмітім,

Қара бауыр қасқалдақты шырқап жаттым күні-түн.

Жер мен көктің арасында жалғыз жортқан бөрі едім,

«Сақ пен ғұндай» алып едім, халық едім, өр едім.

 

«Қорқыт» болып күңірендім, қобыз үнін зарлаттым,

«Елім-айлап» арқама арттым бар ауырын салмақтың.

Ақтабанда аңырадым тоз-тоз қылып табанды,

Алқакөлге жете алмай самайым да ағарды.

 

Махамбет боп «Қызғыш құсқа» сырымды айттым, сынбадым,

Қылышымды сан суырдым, досым үшін, қындағы.

Кенесары, Сырым болып қидым қасық қанымды,

Тәуелсіздік көру үшін таңғажайып таңыңды.

 

Әлихандар, Ахметтер, Міржақыптар тұтылды,

Зымияндар тоз-тоз қылды ұйып тұрған құтымды.

Ұл – қызымды Желтоқсанда орға жықты, жығылдым,

Жасымды іштім, ыза келді, қаһарландым, жұтындым.

 

Зарықтырды, асықтырды Тәуелсіздік таңы шын,

Тасқа қайрап азуымды, күш бітірді намысым.

Ажал шашқан аждаһаға қарсы келдім ел үшін,

Қазіргі ұрпақ көріп отыр тәуелсіздік жемісін.

 

Ауыздықпен алысам деп езуім де қажалды,

Боп боз болып боздақтарым ерте құшты ажалды.

Алматының аспанынан қыран үні шаңқ етті,

Шаңқ етті де жоғалды…

 

Сіздің пікіріңіз маңызды! Сайтқа кіру арқылы пікір білдіріңіз!

Шығармалар

  • Тәуелсіздік құрбандарының рух-шәрифіне © Түркімен 30.11.2021
  • Мадақ © Aqtan 30.11.2021
  • Досымды жігерлендірген жырым © Turkistandik_akin 30.11.2021
  • Ұлы күн Тәуелсіздікпен мақтанамыз © Қауырсын қалам 30.11.2021
  • Сері жайлы әфсана © Кетбұға 30.11.2021
  • Тәуелсіздікті жырлаймын! © Қаратөбе 30.11.2021
  • Аңыз © Altynkun 30.11.2021
  • Тәуелсіздік таңы атты! © tauelsizjan 30.11.2021
  • Тәуелсіз еліме тәу етем! © Bahadur 30.11.2021
  • Төнере берме төбеңнен сенің төнсе мұң © jyrqasyr 30.11.2021

Рейтинг

Шығармалар рейтингін мына сілтемеден қараңыз: РЕЙТИНГ

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Байланыс телефоны: +7(7172)70 76 35
  • aikyn.kz - Жаңалықтар
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг

Қош келдіңіз!

Facebook арқылы кіріңіз
немесе

Сайтқа кіру

Құпия сөзімді ұмыттым?

Құпия сөзді алыңыз

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру