Нәтиже жоқ
View All Result
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг
  • Кіру
Ұлы дала | Республикалық шығармашылық байқауы
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг
Нәтиже жоқ
View All Result
Ұлы дала | Республикалық шығармашылық байқауы
Нәтиже жоқ
View All Result

Бастапқы бетке қайту

Мадақ © Aqtan

30.11.2021
санаты: Поэзия
0
Ұлы дала байқау
0
бөлісті
83
қаралым
Facebook

Aqtan

 

Мадақ

 

Беу, Айналайын туған елім, өсірген.

Кездерім көп ессіздіктен есірген.

Түндігіңнен еркіндігің енгенде,

Түйсүгімнен талай жырды көшіргем.

 

Боз далада боздамайды боз інген,

Қалдырмадың көппен ерген көшімнен.

Азаттығым қан-қасаптан титықтап,

Менің «Алтын ғасырымда» көз ілген.

 

Мұһмин болып мұңның жүгін сүйреген,

Алай-дүлей тұманды бір күйге енем.

Еркіндігім саздан соққан ескерткіш –

Жетімдердің көз жасымен илеген.

 

Пешенемнің шымайлары жалғасын,

Дүриямның бұрып берген арбасын.

Қатпардағы  һәріпіңмен оқимын,

Шатқалдағы  тағдырлардың таңбасын.

 

Серпілтетін сарғайғанда сананы,

Тарихымның үзілмесін парағы.

Ағыл-тегіл кемсеңдейді сеземін,

Мұңға толған қобызымның шанағы.

 

Уай, Әділет, әлемімнің бағысың.

Отты жырым жігеріңді  жанысын.

Менің бабам жаныменен өтеген,

Азаттықтың ақысын!!!

 

 

Қос алақан

( микро-баллада )

Қас қағым сәтте аспан қақ айырылып кеткендей тентек нөсер төгіп берді.

Үсті-басымыз әп-сәтте малынып, үйілген шөмелеге тығылдық.

«Қорқам», – деді қыз жып-жылы алақанын алақаныма салып. Қол ұстастық.

 Сол қол ұстасумен қырық жыл өмір сүріп келеміз.

Рүстем Жанай

 

 

Айықтырдың айықпастай кеселден,

Мендік тағдыр табаланып, неше өлген?

Жанарыңа жасырдың-ау жаһанды,

Шіліңгірлі шілдедегі нөсерден.

 

Көптен бері көктен түскен сарылып,

Ақ жауынға қалдық бізде малынып.

Аққұба қыз дірдек қағып ерінін

Шөмелеге еніп кеттік жамылып.

 

Махаббатты желеу етіп тұтпаса,

Сенбеуші едім аяқасты құтқа аса.

Ақ денеңді жасыруға қауқарсыз,

Ақ жауыннан шылпылдаған шыт мата.

 

Бізге жөнді жол көрсетер жота қай?

Күлімкөзің жәудірейді ботадай.

«Қорқам» дедің сыбырлаған үнменен,

Алақанды қысып алып о, тобай!

 

Арман болған жігіттерге көптеген,

Жанымда отыр аққұба қыз.  Өрт денем.

Жалындаған алақандар жанасса,

Мен қалайша күлге айналып кетпегем?

 

Біз осылай қосылғанбыз еркешім.

Бірге еншілеп ғұмыр берген жүлдесін.

Тақ бұйыртар тағдырлар-ай ендігі,

Бақ бұйыртар алақанды бөлмесін…

 

Сіздің пікіріңіз маңызды! Сайтқа кіру арқылы пікір білдіріңіз!

Шығармалар

  • Тәуелсіздік құрбандарының рух-шәрифіне © Түркімен 30.11.2021
  • Мадақ © Aqtan 30.11.2021
  • Досымды жігерлендірген жырым © Turkistandik_akin 30.11.2021
  • Ұлы күн Тәуелсіздікпен мақтанамыз © Қауырсын қалам 30.11.2021
  • Сері жайлы әфсана © Кетбұға 30.11.2021
  • Тәуелсіздікті жырлаймын! © Қаратөбе 30.11.2021
  • Аңыз © Altynkun 30.11.2021
  • Тәуелсіздік таңы атты! © tauelsizjan 30.11.2021
  • Тәуелсіз еліме тәу етем! © Bahadur 30.11.2021
  • Төнере берме төбеңнен сенің төнсе мұң © jyrqasyr 30.11.2021

Рейтинг

Шығармалар рейтингін мына сілтемеден қараңыз: РЕЙТИНГ

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Байланыс телефоны: +7(7172)70 76 35
  • aikyn.kz - Жаңалықтар
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг

Қош келдіңіз!

Facebook арқылы кіріңіз
немесе

Сайтқа кіру

Құпия сөзімді ұмыттым?

Құпия сөзді алыңыз

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру