Нәтиже жоқ
View All Result
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг
  • Кіру
Ұлы дала | Республикалық шығармашылық байқауы
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг
Нәтиже жоқ
View All Result
Ұлы дала | Республикалық шығармашылық байқауы
Нәтиже жоқ
View All Result

Бастапқы бетке қайту

Досымды жігерлендірген жырым © Turkistandik_akin

30.11.2021
санаты: Поэзия
0
Ұлы дала байқау
0
бөлісті
117
қаралым
Facebook

Turkistandik_akin

 

Досымды жігерлендірген жырым

 

Көше бойлап келе жатып жүрісімнен тосылдым,

Жабырқаулы бара жатқан түрін көріп досымның,

Мен бір түрлі шошындым.

Сәлемдесіп, сонан соң жақын барып қасына,

Дедім былай досыма:

Неге бүгін көңіл-күйің жоқ сенің?

Қабағыңа қар жауып, көрініп тұр езілгені өкшенің,

Жан-дүниең жарық от қой, өшкен шағың осы ма?

Дегенім сол, ол да былай түсіндіре бастады:

Соңғы кезде өмір маған шапағатын шашпады.

Армандарым асуынан аспады.

Қадамдарым сәтсіз шығып, ілгеріге баспады.

Мақсатыма жетем деп ем,

Ол да мені орта жолдан лақтырды да тастады.

Жігерім де таудай еді,

Кесек болып кетті кенет тауларымның тастары.

Қақтым қанша, күттім қанша,

Берекенің есіктері бірақ маған ашпады.

Ізгілікпен арамызды өмір солай айырды.

Күйреп жатқан күйімді, жайрап жатқан жайымды,

Саған айтпай кімге айтам, досымсың ғой байырғы.

Деп ол жауап қайырды.

Қайырды да қарап қалды айтар сөзі біткендей,

Күш беретін менен сөздер күткендей.

Содан кейін сөйледім жағып сенім алауын,

Тағдырына бақытының бір жалауын тіккендей.

 

Биік еді талғамың, бейшара боп калмағын,

Қаншалықты көтерсең де қиындықтың салмағын.

Күндердің бір күнінде, бәлкім келер бүгінде,

Мақсат үшін қанатыңды қағудан сен талмағын.

Түсіндіріп бұл өмірдің бар мәнін,

Түсіндіріп осылардан оның сабақ алғанын.

Әңгімелеп бердім де, үйге келіп қағазға,

Жыр қып жаздым қалғанын.

Ойда сансыз сұрақтар!!!

Ей,ақындар осындайда өлеңменен сыр ақтар.

Өмір деген күтіп тұрған мақсаттар мен мұраттар.

Өмір деген өзен сынды уақытымен жарысқан.

Бәрі түгел көрінеді, көз тастасаң ақыл дейтін ғарыштан.

Шауып жүрген шибөрі мен құлап жатқан арыстан.

Жолы болған ақымақ пен жылап жатқан данышпан.

Ғұлама көп ауыр-ауыр қасіретпен танысқан.

Жігіттер де аз емес-ау өліп кеткен намыстан.

Ақындар бар шындық үшін құлазыған, шалынған.

Қамалдар бар алынған.

Тәкаппар бар кез келгенде басқаларға жалынған.

Ғашықтар бар күте-күте сағыныштан сарылған.

Жақсылар бар жамандыққа малынған.

Талантсыз бар ел-жұртына танылған.

Қыздар да бар артық болған сан ұлдан.

Батырлар бар дәрменсізден жеңіліп, жүрісінен жаңылған.

Таңда мейлі тарам-тарам жолдарыңның төтесін.

Жолдарыңа тағдыр кілем төсесін.

Рухсызданып жүрегің, табылмаса жігерің,

Арманыңа аңсаған тек түсіңде жетесің.

Талпынатын жандардан бол жоқтан барды шығарған.

Талғамың да биік болсын,

Биіктерді бағындырған өнеге ал ұлардан.

Бәрі бірден бола бермес,

Тұрып-тұрып уақытында топырақ та құнарған.

Шын шыдаммен күте білсең,

Сен аңсаған, ел аңсаған орындалар ұлы арман!!!

 

 

Сіздің пікіріңіз маңызды! Сайтқа кіру арқылы пікір білдіріңіз!

Шығармалар

  • Тәуелсіздік құрбандарының рух-шәрифіне © Түркімен 30.11.2021
  • Мадақ © Aqtan 30.11.2021
  • Досымды жігерлендірген жырым © Turkistandik_akin 30.11.2021
  • Ұлы күн Тәуелсіздікпен мақтанамыз © Қауырсын қалам 30.11.2021
  • Сері жайлы әфсана © Кетбұға 30.11.2021
  • Тәуелсіздікті жырлаймын! © Қаратөбе 30.11.2021
  • Аңыз © Altynkun 30.11.2021
  • Тәуелсіздік таңы атты! © tauelsizjan 30.11.2021
  • Тәуелсіз еліме тәу етем! © Bahadur 30.11.2021
  • Төнере берме төбеңнен сенің төнсе мұң © jyrqasyr 30.11.2021

Рейтинг

Шығармалар рейтингін мына сілтемеден қараңыз: РЕЙТИНГ

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Байланыс телефоны: +7(7172)70 76 35
  • aikyn.kz - Жаңалықтар
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Басты бет
  • Проза
  • Поэзия
  • Драматургия
  • Көркем фильм мен телесериал сценарийі
  • Балаларға арналған шығарма
  • Рейтинг

Қош келдіңіз!

Facebook арқылы кіріңіз
немесе

Сайтқа кіру

Құпия сөзімді ұмыттым?

Құпия сөзді алыңыз

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру