Altynkun
Аңыз
Қысқаметыражды көркем филім
(Сценарий)
Кейіпкерлер:
Ахмет Байтұрсынұлы
Байтұрсын Шошақұлы
Сәмен – бүркіт емшісі
1-тергеуші
2-тергеуші
Сайын
Тұрар – Сайынның мылқау баласы
Қою қараңғы түн.
Әбден ашыққан үкі биік құздың басына ұя салған аналық қыранды балапанының көзінше бас салып шоқып жейді…
Сығырайған алақандай ғана абақтының тесігінен түскен ай сәулесі болар-болмас қана үміт шуағын шашып, Ахаңның асқақ арманын аяусыз жаныштайды. Жымысқы тыныштыққа сәтке мүлгіген түрменің іші арсыз
ажалдың құрығына толы. Ахаң өзі жатқан абақтының үш қанат қабырғасына жазылған адам аттарын қара бояумен сызып, қаны қайнап қабырғасы қайысады.
1-тергеуші
Байтұрсынов, мойында?
Ахмет
Иә айта беріңз әділетшіл тергеушім.
Немді мойындайын?
2-тергеуші
Халқ жауы, сатқын екеніңді әкеңнің!
( Жұдырығымен Ахаңның кеудесінен соғады)
Ахмет
Оныңыз рас. (мыр етіп күледі) Біз халық жауы болсақ, онда нағыз қаһарман болғанымыз да…
1-тергеуші
Жәрайды… Негізінде саған жанымыз ашиды Байтұрсынов, өзіңді-өзің қинап қайтесің. Онанда мына алдыңда жатқан бір жапырақ қағазға өз еркіңмен қол қоя салсаң жетіп жатыр. Босандыққа шығасың. Мына тар қапаста қан жұтып таршылық көргенше, қатын балаңның қасына барып қалауыңша өмір сүргеніңе не жетеді. Қырсықпай ақылға кел…
Ахмет
Ха…ха…ха… Тергеушім сонда сен менің қолыммен от көсегелі отырмысың.
1-тергеуші
Жоға, бұл сенің игілігің үшін Ахмет. Қатын балаң қасіретке ұшырамасын десең, қанағаттанарлық жауап бергенің жөн.
Ахмет
Әй күн үшін жүрген иттер-ай! Ар-намысының алдынд айыпталармын деп
Ойланбайсыңдар-ау!
Күндіз.
Күн бесіннен ауа құсбегі Сайын өзінің мылқауұлы Тұрарды ертіп бүркіттің балапанын аулауға құз-қиятасқа қарай беттейді. Ұзақ сабылып табандары тозуға айналғанда тілеулеріне орай, өздері жүріп өткен қия жартастардың қарсы бетіндегі құзар шыңның биік басынан әлде не құстың беймәлім дауысы естіледі.
Ахаң өзі жатқан түрме қабырғаларындағы адам аттарын қара бояумен сызып отырып, қалжыраған жаралы қалпында қалғып кетеді.
Байтұрсын
Еңсеңді көтер балам. Егілме…
Ахмет
Армысыз әке! Бұл шынымен сізсіз бе?
Байтұрсын
Бар бол балам! Иә әкеңмін. Қайғыңды қажырыңа жеңдір.Қатты қамықпа…
Ахмет
Әке, бұл дүниенің тозағынан тездетіп құтылсам ғой… қалжырап біттім. Халқым үшін қан жұтқан кездерім аз болмапты әке. Ұлы мұрат, игі болашық үшін төккен теріміз текке кетпесе игі еді…
Байтұрсын
Батамды бердім құлыным басыңды көтер.
Ахмет
Әке, әке, әке!
( Тер басқан тұла бойын сипалап оянып кетеді )
Күндіз.
Құсбегі Сайын, ұлы Тұрарды ертіп бүркітті емдейтін емші Сәменнің үйіне келеді. Қыран құс қолға үйретіліп қанат құйрығы жетіле келе аң құсқа түспейтін азусыз, қорқақ мінезге аяқ баса бастағандықтан, көзіне көрінген кез-келген аңнан ат тонын ала қаша бастайды… Емші Сәменнің үйі азан-қазан қызу тіршілік үстінде.
Сайын
Асслаумағалайкум Сәке! Мал-жан аман ба?
( Төс қағыстырып амандасады )
Сәмен
Уағалайкум асслам! Шүкір, өзіңіз көргендей. Үй ұлыңызда ер жетіп қалыпты бұйырса бірер жылда қалыңдық айттыратын шығарсыз… а…ха…ха…
Сайын
Иә Сәке , құдайдан тілегенімізде сол ғой. Осылар көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры болып көз алдымызда аман-есен жүрсе соның өзі бір үлкен қуаныш. Иләйім ат жалынын тартып мініп азамат болғанын көрсем арманым жоқ.
Сәмен
Құдай ниетіңігзе жеткізсін Сайын бауырым. ( Сайынның үйі дөңгелек дастархан үсті) Келген шаруаңды айта отыр.
Сайын
Мына қолдағы қыранды қанат қйрығы жетілгенше қолда асырып қомдап едім. Жетіле келе сайат құрып сақылдап отырамын ба деп жүрсем, салымымды суға кетіріп әбден қажытып бітірді Сәке. Қолдамбаған шарам қалмады. Айлам бітіп, амалым таусылғаннан кейін өзіңізге келіп отырмын. Қыран атаулы мұндай болмаушы еді, бұл құсқа қандай шалық тиіп жүргенін кім білсін? Өзіңіз бірдеңе етпесеңіз қолымнан түкте келер емес..
Сәмен
Бұрын соңды мұндай дертпен ауыратын құсты кезіктірмеген едім, деседе байқап көрейін
Сәмен орынна түрегеліп қыран құстың жанна таяп келіп, томағасын алып ары-бері қарап байқап көрді де, құс томағасын қайта басына кигізіп өзі ем қолданатын үкінің өлі бейнесі ілінген жұмыс бөлмесіне кіріп бүркіттің жәй-күйін сынап көрмекші болады. Неше түрлі бақсы шалыс ем колданады. Бірақ одан еш нәтиже болмаған соң, үйге кірген бетте бүркіттің томағасын сыпырып алғандағы қыран құстың бейнасі мүлдем басқа сипат ауысады. Үкінің өлі бейнесі көрінген сәтте жанын қоярға жер таппайды…
Сәмен
Сәке байқаймын мына бүркітің балапан кезінде-ақ үкіден қатты шошынған болуы керек. Әйтпесе мұнша жанталасып қанатын қақпаса керек еді.
Сайын
Сонда қайтсем болдады?
Сәмен
Былай істеңіз. Бүркітіңізді екі не үш күн әбден ашықтырып барып күндіз үкінің өзіне салыңыз. Сонда ғана ішіндегі үлкен алапат үрей сейіліп қалпына келеді.
Сайын
Ой рақмет Сәке! Сізді силаған құдайдан айналдым. Онда мен тездетіңкіреп үйге барып айтқан ақылыңыз бойынша әрекеттенейін. ( Бата жасалып дуға оқылады) Көріскенше аман тұрыңыз…!
Аяусыз азапқа толы абақты іші. Ахаң өзі жатқан түрменің төрт қанат қабырғасыа жазылған кісі есімдерін қара жолақпен өшіріп, соңынан өзі де өз аты жазылған « Ахмет Байтұрсынұлы» деген жазуды қара бояумен сызып тастайды.
Ахмет
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып.
Қанған жоқпа әлі ұйқың,
Ұйқтайтын бар не сиқың?!
Тал түс.
Томағасы алынбаған аш қыранды Сайын баласы Тұрар екуі үкіге салмақшы болып жолға шығады. Иен таулы бөктердің жыныс аралас орман тоғайы сонадайдан мен мұндалайды. Кенет тосыннан сыпырылған томаға алынысымен қыран құс қиялай беттеп биікке самғайды. Бала Тұрар қыран құспен бірге жерде жүйітки жүгіре жөнелісімен, жөргегінде тұйықталып тұтыққан тілі біртіндеп сайрап шыға келеді.
Соңы!